Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
images/news/2021/07.06.21/07.06.21.jpg

Қоршаған әлемді сақтайық

| Жаңалықтар

5 маусымда Дүниежүзілік қоғамдастық адамзаттың назарын экологиялық проблемаларға аудару үшін 1972 жылы БҰҰ бекіткен Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнін атап өтеді. 2021 жылдың ұраны – «Басқаша ойлау. Қайта құру. Қалпына келтіру».

Ғаламшарымыздың экожүйесі ұзақ уақыт бойы адам өмірінің жағымсыз факторларына ұшырап келеді. Әлемде әр үш секунд сайын футбол алаңының көлеміндегі орман алқабы жоғалады. Өткен ғасырда су айдындарының жартысы жойылды. Қазірдің өзінде планетаның коралл рифтерінің 50% дейін жоғалған, ал 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 90% дейін өседі.

Экожүйені қалпына келтіру - табиғатты пайдаланудан оны сауықтыруға дейінгі жалғыз жол. 2021 жылдағы Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні планетаның экожүйесін жандандыру бойынша БҰҰ-ның онжылдық бағдарламасының бастауы болады. Бағдарламаның нәтижесі - адамдардың өмір сүру деңгейін жақсарту, климаттың өзгеруіне қарсы тұру және биоалуантүрліліктің жоғалуын тоқтату.

«Өскемен ЖЭО» ЖШС қоршаған ортаны қорғауға қомақты қаржы құйып, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлкен көңіл бөледі. Қазіргі заманғы тазарту жүйелері ең жақсы қол жетімді технологияларға негізделген. Жыл сайын жасыл желектер отырғызу, қала аумағын және қала маңын тазарту бойынша іс-шаралар өткізіледі. 2021 жылы тек сәуір-мамыр айларында кәсіпорынның жеке құрамы төрт сенбілік өткізді.

28 мамырда «Өскемен ЖЭО» ЖШС «Жастар үйі» КММ балалар үйіне «Таза болса Табиғат - адам болар адамзат» тақырыбында облыстық және республикалық балалар суреттер байқауының қатысушыларын естелік сыйлықтармен марапаттады.

Сондай-ақ, «Өскемен ЖЭО» ЖШС «Қоршаған ортаны сақта» балалар шығармашылығының экологиялық акциясын өткізді, оған компания қызметкерлерінің 20-дан астам баласы қатысты. Барлық балаларға бағалы сыйлықтар табысталды.

Балаларға қоршаған ортаға деген құрмет сезімін оята отырып, біз өз планетамыздың салауатты болашағына үлес қосамыз! Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнімен құттықтаймыз! Сіздерге бейбітшілік пен бақ-береке тілейміз! Келешегіміз  экологиялық таза болсын және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарайық!



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

© 1947-2024 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz