Қазақстан Республикасы парламенті сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Өскемен ЖЭО-ға жұмыс сапарымен келіп-қайтты
2023 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев жұмыс сапары барысында Өскемен ЖЭО-ға барды. Парламенттің жоғарғы палатасының басшысы мен депутаттар тобынан басқа, Шығыс Қазақстан облысының ірі жылу электр орталығына сапарға ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Альберт Рау, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, ҚР Энергетика министрлігі Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің төрағасы Сұңғат Есімханов, өңір әкімі Ермек Көшербаев қатысты.
«Өскемен ЖЭО» ЖШС Бас директоры Данияр Нұғыманов жылыту маусымының ағымдағы өтуі туралы толық, егжей-тегжейлі ақпарат берді, сондай-ақ кәсіпорынның жүргізілген жөндеулері мен экологиялық бастамалары туралы есеп берді, станция басқармасының бас қалқаны бойынша аралау жүргізді.
- Өскемен ЖЭО-да 9 қазандық агрегат және 5 турбоагрегат жұмыс жасап тұр. Жылу беру бекітілген температуралық кестеге сәйкес орындалады, ағымдағы жылдың 11 желтоқсанына желілік судың температурасы – 106 °С, желілік судың айналымы – 13 550 т/сағ. Станция қоймаларында жинақталған отынның көлемі нормативтік қорларға сәйкес келеді. Кәсіпорын «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕ АҚ кешенді технологиялық аудитінің нәтижелері бойынша қоршаған ортаны қорғау бойынша қолайлы қолжетімді технологияларды енгізді, - деді кәсіпорынның бас директоры Данияр Нұғыманов.
Кәсіпорынның экологиялық бастамаларына ерекше назар аударылды. 2024-2025 жылдары №8,9 қазандық агрегаттарының күл ұстағыш қондырғыларындағы құйындыларды ауыстыру жолымен күл ұстаудың тиімділігін арттыру, су ресурстарын ұтымды пайдалану бойынша ең үздік қолжетімді техниканы енгізе отырып, №5 жаңа экологиялық қауіпсіз күл үйіндісін салу жобасын іске асыру жоспарлануда - ағынды суларды қайта пайдаланудың айналым жүйесін әзірлеу, өндіріс қалдықтарын басқару бағдарламасын әзірлеу, өндірістік процесті және өндірістік экологиялық бақылауды басқарудың автоматтандырылған жүйелерін енгізу, энергия тиімділігін арттыру, ресурс үнемдеу, көгалдандыру жөніндегі іс-шаралар.
«Өскемен ЖЭО» ЖШС осы шараларды табысты іске асырады және экология мәселелері бойынша бейінді мемлекеттік органдармен белсенді ынтымақтасады.
- Осы жылдан бастап біз кадрларды дуальды даярлау бағдарламасын қайта бастадық. Согра ЖЭО-да 43 колледж студенті мамандығы бойынша жұмыс істейді. Яғни, студент оқиды, жұмыс істейді және жалақы алады. Дәл осындай жұмысты Өскемен ЖЭО да жасайды. Жалпы Өскемен ЖЭО-да жастарға деген ыңғайы өте қызықты, әлеуметтік қамсыздандыру да жақсы. Тіпті спорт бойынша олар №1, - деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев.
Сапар соңында Мәулен Әшімбаев энергетиктерге маңызды еңбектері үшін алғысын білдірді. ҚР Парламенті Сенатының төрағасы энергетика секторы ел экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылатынын атап өтіп, «Өскемен ЖЭО» ЖШС барлық қызметкерлерін жұмысты одан әрі жетілдіруге және энергия тиімділігін арттыруға шақырды.