«ҚКЖ» тобы: Алдағы референдум – еліміздегі ауқымды өзгерістердің іргетасы
Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Түркістан облыстарында, сондай-ақ Республикалық маңызы бар Шымкент қаласында ұсынылған «Қазақстан коммуналдық жүйелері» компаниялар тобы Қазақстан Республикасының Конституциясына түзетулер бойынша референдум өткізуге қолдау білдірді.
Жуырда топтың барлық еншілес кәсіпорындары - «Караганда Энергоцентр» ЖШС, «Қарағанды Жарық» ЖШС, «ҚарағандыЖылуСбыт» ЖШС, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС, «Энергопоток» ЖШС, «Өскемен ЖЭО» ЖШС, «Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ-да ұжымдар жиналысы өтті, жиналыс барысында келесі мәселелер талқыланды: ел Конституциясына енгізілетін түзетулердің жаңашылдықтары мен ерекшеліктері егжей-тегжейлі түсіндірілді, елдің дамуына қуатты серпін беретін және елдің әрбір азаматына оң әсер ететін болашақ қайта құрулар үшін берік іргетас қалайтын референдумның маңыздылығы мен ауқымдылығы атап өтілді.
Қазақстанның түбегейлі өзгерістер жолына түскені, Заң үстемдігі мен азаматтардың мүдделерін, құқықтары мен бостандықтарын қорғауды сөзсіз басымдық деп жариялағаны атап өтілді. Бұған Конституциялық сот құру, аралас сайлау жүйесі бойынша, оның ішінде бір мандатты округтер бойынша Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау, Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің рөлін күшейту, елдің халқына тиесілі жерін, суын, табиғи ресурстарын жариялау сияқты түзетулер дәлел бола алады.
«Қазақстан коммуналдық жүйелері» тобының қызметкерлері барлық өңірлерде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларын толық қолдайтындықтарын және белсенді азаматтық ұстаным танытуға, республикалық референдумда дауыс беруге қатысуға дайын екендіктерін айтты.