Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
images/news/2021/05.03.21/05.03.2021.jpg

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі «Өскемен ЖЭО» ЖШС-не келді

| Жаңалықтар

4 наурыз 2021 ж. «Өскемен ЖЭО» ЖШС-не Қазақстан Республикасының жаңа Экологиялық кодексін түсіндіру науқаны аясында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Примкулов келді.

Өскемен ЖЭО басшылығы вице-министрге кәсіпорында бар қоршаған ортаны қорғаудың ең жақсы технологиялары (ЕЖТ) туралы ақпарат берді.

Эмульгатор типіндегі күлді жинайтын қондырғыларды пайдалану қатты бөлшектердің (көмір күлінің) меншікті шығарындыларын 51,3%-ға, күкірт диоксидін - 17%-ға төмендетуге мүмкіндік берді. Жануды басқарудың технологияларын және қысыммен жоғары концентрациялы шаң беру жүйесін енгізу нәтижесінде азот оксидтерінің меншікті шығарындылары 35% -ға азайды.

Кәсіпорында аз күлді және аз күкіртті көмір қолданылады. Отын беру жүйесінде қайта құрастыру жүргізілді: конвейердің ағызатын шұңқырында; шаң тазартуды камтумен №1 вагон аударғышта және №2 вагон аударғыш қайта жабдықталды; шаңды шығаруды азайту үшін жеңдік сүзгілерді  орнатумен отын беруге арналған аспирациялық қондырғыларда.

Су бассейнін қорғауға ЕЖТ енгізілді: 4 жергілікті ағынды суларды тазарту құрылысын салу; Үлбі өзеніне ағызуды болдырмау мақсатында нөсер канализациясын қайта құру. Күлді сумен жою мен техникалық сумен жабдықтаудың екі айналымды жүйесі, қайта құрудан кейінгі  №3 күл үйіндісі су ресурстарын ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді, күл мен қож қалдықтарын қауіпсіз оналастыруды қамтамасыз етеді.
Кәсіпорын жыл сайын аумақты тазарту және қаланы көгалдандыру бойынша науқандарға қатысады және қоршаған ортаны бақылайды.

«Өскемен ЖЭО» ЖШС халықаралық сапа стандарттарына ISO 9001, қоршаған орта менеджменті ISO 14001 және денсаулық пен қауіпсіздік ISO 45001 стандарттарына сәйкестігіне сертификатталған және тұтынушыларды жылу және электр энергиясымен сенімді, үздіксіз қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды жүзеге асырады, экологиялық қауіпсіздіктің барлық стандарттарын сақтай отырып, кәсіпорынды дамытуға арналған жобаларды жүзеге асырады.



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

© 1947-2024 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz