Мерекелік медаль
Қазақстан Республикасы Конституциясының 25-жылдығының құрметіне еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Токаевтың атынан Конституцияның ұлықтылығын қамтамасыз етудегі, Қазақстан Республикасы конституциялық негіздерінің қалыптасуы мен дамуындағы, адамның конституциялық құқықтары мен еркіндігін қорғаудағы маңызды үлесі үшін «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен «Өскемен ЖЭО» ЖШС жөндеулер жөніндегі директоры Ақтайлақов Тоқтар Адылқанұлы марапатталды.
Тоқтар Адылқанұлы станциядағы көп жылдық қызметінің барысында Шығыс Қазақстан облысы энергетикасының дамуына зор үлесін қосты. Сауатты да жауапты басшы, тамаша ұйымдастырушы, - Өскемен ЖЭО қызметкерлері жоғары мәртебеге ие болған әріптестерін дәл осылай сипаттайды.
Тоқтар Адылқанұлын осы жоғарғы марапатымен құттықтаймыз және зор денсаулық пен жетістіктер тілейміз!