Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
images/news/2023/26.09.23/26.09.23.jpg

Өскемен ЖЭО-да еңбекті және қоршаған ортаны қорғау күні өтті

| Жаңалықтар

2023 жылғы 25 қыркүйекте Өскемен ЖЭО-да еңбекті және қоршаған ортаны қорғау күні өтті. Іс–шара Бас директор Данияр Нұғымановтың атаулы күн – жылу электр орталығының құрылғанына 76 жыл толуымен құттықтауынан басталды.

Бүгін біздің станциямызға 76 жыл толады. Осы жылдар ішінде біз жылу мен электр энергиясын өндіруде жетекші орынға ие болдық.

Бүгінгі таңда кәсіпорнымыздың қала, облыс және ел үшін атқаратын рөлі маңызды. Мұның бәріне біз Сіздердің – өз ісін жақсы көретін және кез-келген қиындық деңгейіндегі мәселелерді шешуге дайын жоғары кәсіби мамандар тобының арқасында қол жеткіздік. Сіздердің арқаларыңызда, қымбатты әріптестер, Станция өсіп, дамуын тоқтатпайды. Біз бірге кез келген қиындықты еңсеруге қабілеттіміз. Біздің ЖЭО өз мүмкіндіктерін кеңейтіп, жылдан жылға нығайып, өркендеп, табыс пен тұрақтылықта жете берсін.

Әріптестер, мен Сіздерге жаңа идеялар, шығармашылық, сарқылмас күш- қуат және мансаптық өсуді тілеймін. Ұжымымыз әрқашан мейірімді, біртұтас және жеңілмейтін болсын. «Өскемен ЖЭО» ЖШС барлық қызметкерлерін станцияның туған күнімен құттықтаймын!- деп құттықтады әріптес энергетиктерін Бас директор Данияр Нұғыманов.

Өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметі ұйымдастырған Еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау күніне кәсіпорынның барлық құрылымдық бөлімшелері қатысады. Презентация үшін еңбекті қорғау мен экологияның ең өзекті мәселелері таңдалады:

  • «Құрылыстағы еңбек қауіпсіздігі» - спикер Бексұлтан Малғаждаров, инженерлік-жобалау қызметінің қосалқы жабдықтары жөніндегі инженер;
  • «Жауын-шашынның өнеркәсіптік алаңдардың экологиялық жағдайына әсері» - спикер Татьяна Кеңес, қоршаған ортаны қорғау бөлімінің жетекші инженері;
  • «Эпилепсия кезіндегі алғашқы көмек» - спикер Марина Мягкова, Денсаулық сақтау пунктінің меңгерушісі;
  • «Пешті жылыту кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелері» - спикер Руслан Қасенов, ПАСЧ-106 бастығы.

Өскемен ЖЭО бастамашыл тобының атынан турбиналық цехтың турбиналық жабдықтары жөніндегі машинист-шолушы тағылымдамашы Виктор Ануфриев Муслим Магомаевтың «Синяя вечность» әнін орындады. Іс-шара соңында барлық қатысушылар кәсіподақ комитетінің атынан тәтті сыйлықтар алды.

Өскемен ЖЭО ұжымы станцияның болашағына сеніммен және оптимизммен қарайды. Бүгінгі таңда кәсіпорында 500-ден астам қызметкер жұмыс істейді және ұжымның негізін энергетиктер әулеттері құрайды. Әр үйде жарық пен жылу болуы үшін Өскемен ЖЭО күшімен жасалып жатқан істердің барлығы Өскемен қаласы мен оның тұрғындарының әл-ауқаты мен өркендеуіне бағытталған.



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

© 1947-2024 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz