Өскемен ЖЭО-да №14 қазандық агрегатын күрделі жөндеуден өткізу аяқталды
«Өскемен ЖЭО» ЖШС жұмыс сенімділігін арттыру және жабдық жұмысының тиімділігін ұлғайту үшін қуаты 320 тонна бу/сағ болатын БКЗ маркалы ст.№14 қазандық агрегатында оттықтарды ауыстырумен жүргізілген күрделі жөндеуді аяқтады.
Оттықтарды ауыстыру - бұл кәсіпорынның 2020 жылдағы ең ірі және маңызды жобаларының бірі. Оттықтар отынның тұрақты жануын және жану процесін реттеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Осылайша, ескі оттықтарды жаңасына ауыстыру қазандықтағы жану процесін жақсартады. Барлығы жалпы салмағы 14,6 тонна болатын 8 оттық бөлшектелген. Жаңа оттықтар кем дегенде 15 жылдай қызмет етеді деп күтілуде. №14 қазандық қазір жұмыс істеп тұр.
Қазіргі уақытта кәсіпорын 2020 жылға жоспарланған барлық жөндеу жұмыстарын аяқтады. 2020 жылдың қыркүйегінде Өскемен ЖЭО энергия өндіруші, энергия таратушы ұйымдардың 2020-2021 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуге дайындық паспортын алды, бұл станцияның 2020-2021 жылдардағы жылыту маусымына уақтылы және сапалы дайындалғандығын көрсетеді.