Өскемен ЖЭО 2023 жылғы жөндеу бағдарламасын іске асыруға кірісті
2022-2023 жылдардағы жылыту маусымы аяқталмай-ақ Өскемен ЖЭО энергетиктері алдағы күзгі-қысқы кезеңге жабдықтарды дайындауға белсенді кірісіп кетті.
«Өскемен ЖЭО» ЖШС Шығыс Қазақстан облысындағы ең ірі жылу-электр орталығы болып табылады. Бүгінгі таңда станцияда тоғыз қазандық агрегаты және сегіз турбиналық агрегат орнатылған. ЖЭО қызметкерлері 2023 жылға арналған жөндеу науқанының бұрын бекітілген кестесіне сәйкес жөндеуге кірісті. Бүгінгі күні жабдықты жөндеуге шығару жылу жүктемесінің төмендеуіне және электр станциясының жұмыс режиміне байланысты жүргізіледі.
Жыл сайын Өскемен ЖЭО-да, негізгі жабдықта жұмыс істеу шамасына қарай, парктік ресурсы аяқталған бөлшектерді жоспарлы ауыстыру жүргізіледі. Қызметтің нормативтік мерзіміне жеткен кезде жабдықтың техникалық жай-күйін айқындау үшін мамандандырылған сараптама ұйымы өнеркәсіптік қауіпсіздікке сараптама жүргізеді. Сараптама нәтижесі оң болған жағдайда жабдықты парктік ресурсынан тыс (қызмет ету мерзімін ұзарту) одан әрі пайдалануға рұқсат етіледі.
- Бүгінгі күні негізгі жабдықтың тозу деңгейінің жалпы пайызын айтарлықтай төмендету үшін күрделі жөндеу, қайта құру, жаңғырту көлемі өте жеткіліксіз деп толық жауапкершілікпен айта аламын. Тариф есебінен қалыптасатын өте шектеулі бюджетті ескере отырып, біз жабдықты тек жұмыс күйінде ұстай аламыз. Бірақ облыс орталығы өсуде, жаңа тұрғын үй және әлеуметтік нысандар салынуда, өнеркәсіп дамуда, шағын және орта бизнестің жаңа субъектілері пайда болуда. Бұл, әрине, энергетикалық қуаттылықты арттыруды талап етеді. Бірақ тұрақты өсіп келе жатқан энергия қажеттілігін қанағаттандыру үшін бізге айтарлықтай инвестициялық салымдар қажет. Алайда тарифтің жеткіліксіздігіне байланысты біз оған қол жеткізе алмай отырмыз. Біз, энергетиктер, жеңімізді түріп тастап ең ауқымды жобаларды жүзеге асыруға, энергия қуатын арттыруға дайынбыз. Біздің сұрайтынымыз бір нәрсе ғана – адекватты тариф. Өйткені, бұл қаражат облыс орталығын сенімді және тұрақты энергиямен қамтамасыз ету үшін қала тұрғындарының игілігіне жұмсалады, - дейді «Өскемен ЖЭО» ЖШС Бас директоры Айдын Бексолтан.
Бүгінгі таңда Өскемен ЖЭО өзінің қаржылық мүмкіндіктерінің шегінде жұмыс істеп келеді. Ағымдағы тариф көмірдің, судың, қосалқы бөлшектердің, жөндеу жұмыстарына қажетті материалдардың жылына бірнеше рет өсіп келе жатқан құнын қамтымайды. Қолда бар қаражат міндетті түрде жүргізілуі тиіс ең қажетті жөндеулерге ғана бөлінеді. Мәселен, жөндеу науқаны барысында алдағы 2023–2024 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық шеңберінде мынадай жұмыстар орындалатын болады:
- ст. №10 қазандық агрегатын күрделі жөндеу, бу қыздырғышы мен ауа жылытқышын ауыстырумен;
- ст. №15 қазандық агрегатын күрделі жөндеу, артқы экранның панельдерін, бүйірлік экрандарын, артқы радиациялық бу қыздырғышын ауыстырумен;
- жаңа күл үйіндісін жобалау және салу;
- 5-7 кезектегі жоғары қысымды қоректік құбырларды ауыстыру;
- ТГ-8 қоздыру жүйесін жаңғырту;
- 140 ата бас бу құбырларын қайта жаңарту;
- ашық тарату құрылғыларын (АТҚ-1) қайта құрастыру;
- күл құбырларын күрделі жөндеуден өткізу;
- ст. №11 қазандық агрегатын күрделі жөндеу, 1-ші сатыдағы бу салқындатқышын ауыстырумен;
- ст. №12 қазандық агрегатын күрделі жөндеу, экрандардың бу өткізгіш құбырларын және перделік буды аса қыздырғышты ауыстырумен;
- ст. №14 қазандық агрегатын күрделі жөндеу, қосылатын құбырларды, ауа жылытқыштың «суық» бөлігін, бу қыздырғыштың «шығу» пакетінен бу жинайтын камераның (БЖК) коллекторына дейінгі бу өткізгіш құбырларды ауыстырумен;
- ст. №7 қазандық агрегатын күрделі жөндеу, эмульгаторлардың құйындыларын ауыстырумен;
- градирняны күрделі жөндеуден өткізу;
- күл ұстағыш қондырғыны ағымдағы жөндеуден өткізу;
- ст. №№7, 11, 12, 13, 14 және 15 қазандық агрегаттарын күрделі жөндеу;
- ст. №№11, 14 және 15 қазандық агрегаттарының шарбарабан диірмендерін ағымдағы жөндеуден өткізу;
- ст. №7 Р-8-29/7 турбинасын күрделі жөндеу;
- ст. №12 СС-120/103-12,8/1,08/0,2 турбинасын күрделі жөндеу;
- №7 және №12 генераторларды күрделі жөндеу.
«Өскемен ЖЭО» ЖШС жабдықты жұмысқа жарамды күйде ұстау бойынша барлық қажетті шараларды орындайды, өз тұтынушыларын электр және жылу энергиясымен тұрақты қамтамасыз ету үшін барынша күш салады. Сонымен қатар, Өскемен ЖЭО қолданыстағы жабдыққа инвестиция салудың, жаңа энергетикалық қуаттарды енгізудің, экономика мен тұрғын үй-коммуналдық сектордың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандырудың нақты мүмкіндігіне ие болу үшін адекватты, әділ тарифтерді бекіту арқылы қаржылық жағдайды жақсартуға үміттенеді.