Өскемен ЖЭО бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне қатысты
2023 жылғы 12-ші шілдеде «Өскемен ЖЭО» ЖШС-нің кадр бөлімінің қызметкерлері «Аманат» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы «Жастар рухы» - жастар қанаты ұйымдастырған «Жастар жұмыс жәрмеңкесі» бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне қатысты.
Бұл іс-шараға облыстағы 20 кәсіпорынның өкілдері, қалалар мен аудандардың білім бөлімдерінің, облыстағы оқу орындарының қызметкерлері қатысты. Ұйымдастырушылар жәрмеңкенің мақсаты – жұмыс беруші мен жұмысшының тікелей байланысы арқылы жұмыссыз азаматтарды, білім беру ұйымдарының түлектерін және жастарды жұмысқа орналастыру екенін атап өтті.
- Өскемен ЖЭО барлық қалалық бос орындар жәрмеңкелеріне тұрақты түрде қатысады. Бүгінгі таңда кәсіпорынға келесі мамандар қажет: турбиналық құралдарын аралап жүріп қараушы машинист, релелік қорғаныс және автоматика құралдарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі электрик, жабдықтарды пайдалану және жөндеу жөніндегі технигі, қазандық және шаң дайындайтын цехтардың жабдығын қызмет көрсетуден және жөндеуден өткізу слесарі, техник - көркемдеуші, жүк көтергіш механизмдерінің қауіпсіз жұмысын бақылаушы инженері, көмекші жабдық жөніндегі инженері. Бүгін Өскемен ЖЭО кадр қызметі кәсіпорындағы бос жұмыс орындары, еңбек жағдайлары және басқа да аспектілері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын өткізді, - деді БАҚ өкілдеріне «Өскемен ЖЭО» ЖШС кадр маманы Әсем Мырзаханова.
Өздеріңіз білетіндей, жастар – халықтың ең әлеуметтік белсенді бөлігі. Жұмыспен қамту мәселелері, жас мамандарды қолдау Өскемен ЖЭО-ның басым бағыттарының бірі болып табылады. Айта кету керек, өтініш берушілердің назары Өскемен ЖЭО-ның бос лауазымдарына аударылды. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің нәтижесінде білікті мамандар мен Өскемен ЖЭО персоналмен жұмыс істеу бөлімінің арасында кәсіпорындағы алдағы жұмысы туралы нақты келісімге қол жеткізілді. Осы уақытта бірнеше кандидат Өскемен ЖЭО-ға жұмысқа тұру үшін қажетті құжаттарын дайындап жатыр.