Өскемен ЖЭО-да донорлар күні өтті
2021 жылдың 10 желтоқсанында «Өскемен ЖЭО» ЖШС-нің 30 қызметкері облыстық Қан орталығының доноры атанды. Энергетиктердің көмегімен қан компоненттерінің қоры 14 литрге толықты.
Бұл Өскемен ЖЭО-да биылғы екінші донорлық акция. Сондай-ақ, көптеген қызметкерлер тұрақты донор болғандықтан, жыл ішінде екі рет қан тапсырды. Мұндай шаралар науқастарға шұғыл көмек көрсету жағдайында донорлық қанның жеткілікті көлемін қалыптастыруға көмектеседі.
18 жастан асқан, қарсы көрсетілімдері жоқ және салмағы 55 кг-нан кем емес кез келген дерлік сау адам донор бола алады. Қан тапсырар алдында кем дегенде бір күн бұрын белгілі бір диетаны сақтау міндетті: майлы, қуырылған, ащы, ысталған тағамдарды, сондай-ақ сүт өнімдерін жеп-ішу ұсынылмайды; аспирин, анальгин және құрамында анальгетиктер бар препараттарды қабылдауға болмайды. Қан тапсырар алдында тәтті шай ішу пайдалы - бұл тонусты арттырады және процедурадан кейін бас айналуды болдырмауға көмектеседі.
Донация алдында барлық қызметкерлерді дәрігер қарап шықты, талдаулар алынды және әңгіме жүргізілді. Жақында қан тапсырған (екі айдан аз уақыт ішінде) кейбір қызметкерлер акцияға қатыса алмады.
- Қан тапсыру қауіпсіз және игі іс, егер менің қаным қан қажет болған адамға қажет болса, мен қуаныштымын. Біздің кәсіпорынның қызметкерлері жиі қан тапсырады, біз осыған мұқтаж адамдарға көмектесуге дайынбыз. Мен қуана қан тапсырдым, осы жақсы іске өз үлесімді қоса алатыныма да қуаныштымын, - деп атап өтті тұрақты донор, «Өскемен ЖЭО» ЖШС бас бухгалтері Лариса Ким.
Жүйелі қан тапсыру жүрек-тамыр жүйесін нығайтып, ағзаның өзін-өзі жаңарту қызметін қамтамасыз ететіні дәлелденген. Кейбір жұмысшылар қан тапсырғаннан кейін жеңілдік пен сергектік сезінгендері туралы айтады. Әрине, бұл акцияға қатысушылардың көңіл-күйлеріне де байланысты.
- Біз қан құюды қажет ететін науқастарға көмектесуге қуаныштымыз. Бұл көбінесе жас балалар мен біздің аға буынға қажет. Кәсіпорында қан орталығының жылжымалы бөлімшесінде, өндірістен үзілмей қан тапсыруға рұқсат етілгені де қолайлы, – дейді құрметті донор, орталықтандырылған жөндеу цехының аға шебері Сергей Лемешко..
Облыстық қан орталығы донорларға осы шараға қатысқандары және мейірімді жүректері үшін алғысын білдіреді. Өскемен ЖЭО қызметкерлері күнделікті жұмысында ғана емес, мұқтаж жандарға қан тапсыру сынды игі шараларда да бірлік пен тәртіп үйлесімділігін көрсетуде.
Кәсіпорын қызметкерлерінің қайырымдылығы мен шараға немқұрайлы қарамаулары, Өскемен ЖЭО басшылығы мен Облыстық қан орталығы мамандары тарапынан көрсетілетін көмек акцияның табысты өтуіне ықпал етті. Өскемен ЖЭО жұмыскерлері қан донорлығы-бұл қажетті және игілікті миссия деген ортақ пікірге келіп, алдағы уақытта да мұқтаж жандарға қан тапсыруға дайын екендіктерін білдірді.