Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
images/news/2023/15.06.23/15.06.23.jpg

Өскемен ЖЭО-да кезекті сейсмикалық жаттығу өткізілді

| Жаңалықтар

«Өскемен ЖЭО» ЖШС энергетиктері маусымның кезекті жоспарлы сейсмикалық жаттығуын өткізді, оның барысында кәсіпорын қызметкерлері күтпеген төтенше жағдайлар кезінде қабылданатын іс-қимылдарды автоматизмге жеткізді. Мұндай іс-шаралар азаматтық қорғанысты қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес тоқсан сайын өткізіледі.

Негізгі мақсат – жер сілкінісі кезінде персоналдың практикалық іс-қимыл дағдыларын қалыптастыру және бекіту, апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу, ықтимал шығындарды болдырмау үшін негізгі әдістер мен өзара көмек көрсетуді үйрену. Жаттығу кезінде сағат 15:00-де төтенше жағдай сигналы берілді, содан кейін қызметкерлер үй-жайлардан дереу шығулары қажет болды.

Сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстардан персоналды эвакуациялау жоспарлары тексерілді және өзектендірілді, станция аумағындағы ғимараттар мен құрылыстардан тыс персоналды жинау орындарының жоспар-схемалары әзірленді және мердігер ұйымдардың цехтары мен персоналына жеткізілді, эвакуациялау жолдары, алғашқы өрт сөндіру құралдары мен ажыратқыш құрылғыларға қол жеткізу тәсілдері тексерілді, шұғыл шығу алдында жабдықты ажыратуға жауапты адамдар тағайындалды, жұмыс орындарында заттарды, жабдықтарды, стеллаждарды, сейфтерді және т.б. бекітілді, өйткені олар ықтимал жер сілкінісі кезінде құлап, персоналды жарақаттауы мүмкін, құрылымдық бөлімшелерде құрылған құралымдардың құрамы, жинақталуы, жарақталуы тексерілді, әзірлікке келтіру жоспарлары өзектендірілді.

Сейсмикалық жаттығуға барлығы 474 адам қатысты, оның ішінде 271 «Өскемен ЖЭО» ЖШС қызметкері, 157 мердігер ұйымдардың қызметкерлері және 46 практикант пен станцияға келушілер. Жаттығуды қорытындылай келе, қауіпсіздікті қамтамасыз ету штабының мамандары жылу энергетиктерінің іс-әрекетін жоғары кәсіби және жедел деп таныды. Өндірістік бақылау, қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметі сейсмикалық жаттығулар кезінде қызметкерлер әректтерді жедел және дұрыс орындады, ескертулер жоқ деген қорытындыға келді.

Өткізілген сейсмикалық жаттығулар қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментіне ұсыну үшін ресми есеп жасалады.



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

© 1947-2024 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz