Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
images/news/2023/17.10.23/17.10.23.jpg

Өскемен ЖЭО-да өрт қауіпсіздігі бойынша алдын алу іс-шаралары өткізілді

| Жаңалықтар

2023 жылғы 3 қазанда Өскемен қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының (ТЖБ) қызметкерлері «Өскемен ЖЭО» ЖШС қызметкерлері үшін жылыту кезеңінде газ жабдықтарын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі бойынша алдын алу іс-шараларын өткізді.

Қауіпсіздік энергетика саласының жұмысындағы маңызды аспектілердің бірі болып табылады және қабылданған шаралар тәуекелдердің алдын алуға және қызметкерлердің жұмыстағы және үйдегі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі.

Сондай-ақ, Өскемен ЖЭО қызметкерлеріне өрт қауіпсіздігі туралы ақпараты бар брошюралар табысталды.

Жылыту кезеңінде газ жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік-азаматтық қорғау басқармасының қызметкерлері үшін негізгі міндеттердің бірі. Өскемен қаласы ТЖБ аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Еркебұлан Ибраев және Өскемен қаласы ТЖБ офицері, аға лейтенант Азамат Ақзамбеков осы тақырып бойынша негізгі пайдалы ұсыныстарды, атап айтқанда назардан тыс қалдыруға, істеуге болмайтын қолайсыз әрекеттерді айтып берді:

  1. Жұмыс істеп тұрған газ аспаптарын қараусыз қалдыру;
  2. Газ жабдықтарын өз бетінше жылжыту, газ құрылғыларының құрылымына өзгерістер енгізу;
  3. Газ құбырларына жіп байлап, газ құбырларын жүктеу;
  4. Мектеп жасына дейінгі балаларды, сондай-ақ іс-әрекеттерін бақыламайтын және газбен жұмыс істеу қағидаларын білмейтін адамдарды газ аспаптары мен газ баллонды қондырғыларды пайдалануға рұқсат ету;
  5. Үйді (пәтерді, бақша үйін) өз бетінше газдандыру, газ жабдығын ауыстыру, ауыстыруды және жөндеуді жүргізу;
  6. Газ аспаптары орнатылған үй-жайларда қайта жоспарлауды жүргізу;
  7. Газ аспаптары, автоматика, арматура және газ баллондары істен шыққан кезде газды пайдалану;
  8. Желдеткіш арналардың терезелері, торлары жабылған кезде газ аспаптарын пайдалану;
  9. Ұйықтау және демалу үшін газ құрылғылары орнатылған бөлмені пайдалану;
  10. Газ және газ құрылғыларын мақсатына сай емес пайдалану. Үй-жайларды жылыту үшін газ плиталарын пайдалану;
  11. Газдың ағып кетуін анықтау үшін отты қолдану.

Іс-шара барысында газ аспаптарын пайдалану аяқталғаннан кейін аспаптағы крандарды және баллондағы клапанды жабу қажет, сондай-ақ бөлмені жүйелі түрде желдету, отты, электр жылыту аспаптарын, ағып кету анықталған кезде электр ажыратқыштарын пайдаланбау қажет екендігі атап өтілді.

Мұндай қауіпсіздік шаралары мен бастамалары энергетиктердің сенімді жұмысын қамтамасыз ету және қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қорғау үшін маңызды.



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

© 1947-2024 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz