Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
images/news/2023/15.11.23/15.11.23.jpg

Өскемен ЖЭО-да жағдаятты қазақ тілі курстары басталды

| Жаңалықтар

14 қарашада «Өскемен ЖЭО» ЖШС-де кәсіпорын қызметкерлері үшін жағдятты қазақ тілі курстары басталды. Қазақ тілін үйрену – Өскемен ЖЭО-да қызмет ететін әр түрлі ұлт өкілдерінің бастамасы.

Өздеріңіз білетіндей, Өскемен ЖЭО ұжымы ондаған этностардан тұратын көпұлтты кәсіпорын болса да, барлығы бірауыздан мемлекеттік тілді үйренуді жақтады. Бәсекеге қабілеттіліктен басқа, қазақ тілін білудің артықшылығы — мәдениетті, тарихты тереңірек түсіну мүмкіндігі. Аудармасы қаншалықты нақты жасалса да, мысалы, Абай шығармаларының сұлулығы мен тереңдігін тек түпнұсқасы ғана жеткізе алады.

Енді қазақ тілін оқуға ниет білдірушілердің барлығы станцияда мемлекеттік тілді тегін оқи алады. Оралхан Бөкей атындағы кітапханасының «Кел, сөйлесейік!» атты қазақ тілі курсы мемлекеттік тілдің ауызекі стилін меңгеруге мүмкіндік береді. Сабақтар әр сейсенбі сайын сағат 11:00-ден 12:00-ге дейін әкімшілік-тұрмыстық корпус ғимаратының 4-қабатындағы конференц-залда өтеді. Келесі жылдан бастап сабақтар санын аптасына 3 ретке дейін ұлғайту жоспарлануда. Бұл шара қызметкерлерге қазақ тілінде қарым-қатынас жасаудың одан да көп практикалық дағдыларын игеруге мүмкіндік береді.

Өскемен ЖЭО қызметкерлерінің сабақ барысында күнделікті өмірде қазақ тілінде еркін қарым-қатынас жасаудың практикалық дағдыларын игеруге мүмкіндіктері бар. Сабақтарды қызықты әдістемелер арқылы тәжірибелі оқытушылар жүргізеді.

- Біздің ЖЭО-да өз қызметкерлері үшін жағдятты қазақ тілі курстары басталғанына өте қуаныштымын. Бұл әріптестермен қарым-қатынасты жақсартуға ғана емес, сонымен қатар қазақ мәдениеті мен дәстүрлері туралы білімімізді кеңейтуге мүмкіндік беретін тамаша бастама,-деп өз пікірімен кәсіпорынның жоспарлау-экономикалық бөлімінің жетекші экономисі Ольга Мироненко бөлісті.

Энергетиктердің айтуынша, олар бұрын қазақ тілін өз бетінше оқыған, бірақ тілдік курстар орталықтандырылған және оқытушылардың қатысуымен өткізілгенде, әрине, мемлекеттік тілді меңгеру әлдеқайда жеңіл әрі тиімді болмақ.

- Қазақ тілі курстары қызметкерлердің кәсіби дағдыларын байытып қана қоймай, біздің кәсіпорынның көпұлтты ортасында мәдени алмасу мен өзара түсіністікке ықпал етеді. Бұл бастама табысты болатынына және барлық қатысушылар үшін жемісті болатынына сенімдімін, - дейді Корпоративтік оқыту орталығының жетекшісі Наталья Слабодчикова.

«Өскемен ЖЭО» ЖШС өзінің барлық қызметкерлерін «Кел, сөйлесейік!» курстарына шақырады!



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

© 1947-2024 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz