Өскемен ЖЭО-да жөндеу науқаны аясында түтін құбырын зерттеу жоспарлануда
Өскемен ЖЭО биіктігі 185 метрді құрайтын №3 түтін құбырын келешекте де сенімді пайдалануды, сондай-ақ эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін қосу мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылы тексеру мен жөндеуден өткізу үшін оны қысқа мерзімге жұмыстан шығаруды жоспарлап отыр.
Жұмыстар кәсіпорынның жөндеу науқаны аясында жоспарлы түрде, кезең-кезеңмен жүргізіледі.
2022 жылы №1, 2, 3 түтін құбырларында оқпанның сыртқы көзбен шолып тексерілуі, аэротүсірілім арқылы құбырдың басын тексеру жұмыстары орындалды және бақылау нәтижелері бойынша түтін құбырларының жұмысқа жарамды күйде екендігі анықталды.
Жоспарлы жұмыстарды орындау үшін ағымдағы жылдың маусым айында №1 түтін құбырына орташа қысымды қазандық агрегаттарын ауыстыра отырып, жоғары қысымды қазандық агрегаттарын тоқтату арқылы станция жүктемесін азайтуды жүзеге асыру жоспарлануда. Жоспарланған жұмыстарды орындау мерзімі екі аптаға дейін. Бұл жағдайда да кәсіпорын станцияны сенімді және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етеді.