Өскемен ЖЭО-да жылыту маусымына дайындық белсенді жүргізілуде
«Өскемен ЖЭО-да» 2023–2024 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары белсенді жүргізілуде. Жылу орталығындағы жөндеу жұмыстары өткен жылыту маусымы аяқтала салысымен басталып, қазіргі уақытта белсенді кезеңнен өтуде.
Ағымдағы жылы Өскемен ЖЭО-ның жөндеу бағдарламасы бойынша жоспарланған шығындары 8,686 млрд теңгені құрап, оның ішінде инвестициялар – 7,164 млрд теңгені және ағымдағы жөндеулер – 1,522 млрд теңгені құрады.
Станция жабдықтарының тозу деңгейін төмендету мақсатында 2023 жылға арналған инвестициялық бағдарламасында қазандық қондырғысының ішіндегі жылыту бетінің негізгі жабдықтарының элементтерін және жылытылмайтын құбырларды ауыстыру бойынша қосымша шаралар енгізілгенін атап өткен жөн. Бұл іс-шаралар ҚА-10, ҚА-12, ҚА-14, ҚА-15 бойынша жүзеге асырылады. Іс-шараларды жүзеге асыру үшін қажетті материалдар толық көлемде жеткізілген.
2023 жылы жөндеу бағдарламасы барысында Өскемен ЖЭО-да 9 қазандық агрегаты жөндеуден, оның ішінде 2 – күрделі жөндеуден, 6 – ағымдағы жөндеуден, 1 – кеңейтілген ағымдағы жөндеуден; 8 турбоагрегат, оның 2 – күрделі және 6 – ағымдағы жөндеуден кестеге сәйкес өтеді.
Бүгінгі таңда Өскемен ЖЭО жалпы жоспарланған жөндеу жұмыстарының 49,5%-ын орындады. Атап айтқанда, ст. № 8, 9 қазандық агрегаттарына, ст. № 9, 10, 11 турбоагрегаттарына ағымдағы жөндеу, сондай-ақ ст. № 7 турбоагрегаттың күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді; ст. № 12, 13, 15 қазандық агрегаттарына ағымдағы жөндеу, ст. № 10 қазандық агрегатына кеңейтілген ағымдағы жөндеу, сондай-ақ, ст.№11 қазандық агрегатына және ст. №12 турбоагрегатына күрделі жөндеу жүргізу барысында.
Өскемен ЖЭО-ның жөндеу бағдарламасын жүзеге асыруға 38 мердігер ұйым жұмылдырылған. Жөндеу жұмыстарына жұмылдырылған жеке құрамның жалпы саны 280 адамды құрайды. Негізгі жабдықты жөндеу жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде. «Өскемен ЖЭО» ЖШС тұтынушыларды тұрақты және сенімді энергиямен қамтамасыз ету үшін жөндеу жұмыстарының барлық кешенін жүйелі түрде орындауда.
Жылу беру кезеңінде облыс орталығының тұтынушыларын жылу энергиясымен сенімді қамтамасыз ету осыған байланысты болғандықтан, барлық жұмыстар сапалы әрі бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде.