Өскемен ЖЭО-ға Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы келді
2023 жылғы 21 тамызда Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Тамирлан Айтқожин жұмыс сапары барысында «Өскемен ЖЭО» ЖШС-не келді.
Сапардың негізгі мақсаты – Шығыс Қазақстан облысының жылу электр орталықтарында жөндеу бағдарламасының жүзеге асырылуын тексеру. Қазіргі уақытта «Өскемен ЖЭО» ЖШС-нде негізгі және қосалқы жабдықтарында бекітілген кестеге сәйкес алдағы 2023-2024 жылыту маусымына дайындық бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
«Өскемен ЖЭО» ЖШС бас директоры Данияр Нұғыманов Тамирлан Айтқожинге осы кезеңде негізгі жабдықтардың орындалған жөндеулері туралы егжей-тегжейлі айтып берді, кәсіпорын бойынша аралау жүргізіп, жұмыс үрдісімен тікелей цехтарда таныстырды.
Бүгінгі таңда «Өскемен ЖЭО» ЖШС жоспарланған жөндеу жұмыстарының жалпы көлемінің 66,2% пайызын орындады. Алдағы жылыту маусымына 9 қазандық пен 8 турбина жөнделеді. Жұмыстар тәулік бойы жүргізілуде, биыл Өскемен ЖЭО жөндеу бағдарламасының жалпы құны 8,8 миллиард теңгеден асады.
Бүгінгі күні 2023 жылғы жөндеу бағдарламасы барысында ст. №№8,9,12,13 қазандық агрегаттарына, ст. №№8,9,10,11 турбина агрегаттарына ағымдағы жөндеулер, сондай-ақ ст. №11 қазандық агрегаты мен №7 турбиналық агрегатқа күрделі жөндеулер орындалды. Орындау барысында ст.№ 15 қазандық агрегатын ағымдағы жөндеу, ст. №10 қазандық агрегатын кеңейтілген ағымдағы жөндеуден өткізу және ст. №12 турбиналық агрегатын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
«Өскемен ЖЭО» ЖШС жыл сайынғы жөндеу науқаны Өскемен қаласының тұрғындары үшін жылу және электр энергиясын үздіксіз өндіруге мүмкіндік береді. Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Тамирлан Айтқожин «Өскемен ЖЭО» ЖШС-нің алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындығының қанағаттанарлық барысын атап өтті.