Өскемен ЖЭО-ға Шығыс-қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов келді
2023 жылғы 18 қыркүйекте Өскемен ЖЭО-ға жұмыс сапары барысында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов, Шығыс Қазақстан облысы Құрылыс, Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Рамазанов және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы Қабдолдаев Мейрамбек келді.
Сапардың негізгі мақсаты – Шығыс Қазақстан облысының жылу электр орталықтарында жөндеу бағдарламасының аяқталуын тексеру. Қазіргі уақытта Өскемен ЖЭО негізгі және қосалқы жабдықтарында алдағы 2023-2024 жылыту маусымына дайындық бойынша жүргізілген жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес аяқталуға жақын.
«Өскемен ЖЭО» ЖШС бас директоры Данияр Нұғыманов қатысушыларды осы кезеңде негізгі жабдықтардың орындалған жөндеулері туралы егжей-тегжейлі хабардар етті, кәсіпорынды аралап, жұмыс үрдісімен тікелей цехтарда таныстырды.
Бүгінгі таңда «Өскемен ЖЭО» ЖШС жоспарланған жөндеу жұмыстарының 85,1%-ын орындады.
- Алдағы жылыту маусымына қарай 9 қазандық пен 8 турбина жөнделеді. Жөндеу бағдарламасының жалпы құны биыл шамамен 8,7 млрд теңгені құрайды. 2023 жылғы жөндеу бағдарламасы барысында ст. №№ 8,9,12,13 қазандық агрегаттарына, ст. №№ 4,6,8,9,10,11 турбина агрегаттарына ағымдағы жөндеу жұмыстары, сондай-ақ ст. № 11 қазандық агрегатына және № 7,12 турбина агрегаттарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, - деді «ӨскеменЖЭО» ЖШС бас директоры Данияр Нұғыманов.
«Өскемен ЖЭО» ЖШС тұтынушыларды тұрақты және сенімді энергиямен қамтамасыз ету үшін жөндеу жұмыстарының барлық кешенін жүйелі негізде орындайды. Барлық жұмыстар сапалы және бекітілген кестеге сәйкес орындалады, өйткені жылыту кезеңінде облыс орталығының тұтынушыларын жылу энергиясымен сенімді қамтамасыз ету осыған байланысты.
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов «Өскемен ЖЭО» ЖШС-нің алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындығының қанағаттанарлық барысын атап өтті.