Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
images/news/2023/23.10.23/23.10.23.jpg

Өскемен ЖЭО «Қайратты жастар-2023» облыстық байқауында бірінші орынға ие болды

| Жаңалықтар

21 қазанда демалыс күні Өскемен қаласының Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығының базасында ұлттық мереке – Республика күніне арналған жұмысшы жастар арасында кезекті XI облыстық «Қайратты жастар – 2023» байқауы өтті.

Конкурсқа өңірдің төрт ірі өнеркәсіп орындарының, атап айтқанда, Өскемен ЖЭО, Согра ЖЭО, Өскемен титан-магний комбинаты және Үлбі металлургия зауытының командалары қатысты.

Атаулы іс-шараның мақсаты өңірде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру, жұмысшы мамандықтарын дәріптеу, жұмысшы жастар арасында шығармашылықты дамыту, кәсіпорындарда тиімді кәсіптік бағдарлау жұмысын жандандыру болып табылады.

«Қайратты жастар – 2023» байқауы үш кезеңнен тұрды: кәсіпорындардың кәсіптік бағдар беру жұмысы туралы бейнероликтер байқауы, спорттық тимбилдинг және чирлидерлердің өнер көрсетуі. Жарыс спорттық-сайыстық сәттердің қосылуымен тимбилдинг форматында өткізілді. Командалар қатысқан кезеңдердің көпшілігі команда құрамындағы әріптестерімен өзара іс-қимылға бағдарланып, жалпы қорытынды өту уақыты бойынша бағаланған. Содан кейін командалар арасында таңдау тұрды: бәрін мүмкіндігінше тез орындау, бірақ ол үшін айыппұл алу немесе тапсырманы баяу бірақ, уақыттық санкцияларсыз орындау. Корпоративтік ұйымшылдық пен жақсы дене шынықтыру дайындығының арқасында Өскемен ЖЭО энергетиктер командасы үздік нәтиже көрсетті.

Кәсіби бағдарлау роликтері байқауында Өскемен ЖЭО дауыстар саны бойынша алдыңғы қатарда болды және байқау аяқталғанға дейін үлкен айырмашылықпен үздік роликтің орнын сақтап қалды.

Дауыс беру сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін созылды және аяқталған сәтте жалпы берілген 2094 дауыстың 889 дауысы Өскемен ЖЭО үшін берілді.

Салтанатты рәсімге Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Ербол Нұрғалиев қатысты. Ол Өскемен ЖЭО командасына үздік спорт командасы үшін диплом және 100 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықты табыстады.

«Өскемен ЖЭО» ЖШС қызметкерлері өз әріптестеріне жарыс күні үздіксіз, белсенді қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреді, өйткені кәсіпорын ұжымының корпоративтік бірлігі «Қайратты жастар – 2023» облыстық жарысында үздік нәтиженің басты себебі болды.

Өскемен ЖЭО-ның осы конкурстағы жетістігі оның тек жұмыста ғана емес, сондай-ақ, осындай қоғамдық маңызы бар іс-шараларға қатысу кезінде де ортақ іске адалдықпен қарайтынын тағы да көрсетті.



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

© 1947-2024 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz