Өскемен ЖЭО қарттар үйлеріне қайырымдылық көмек көрсетті
«Өскемен ЖЭО» ЖШС әлеуметтік саясат қағидаттарының бірі – кәсіпорын қызметкерлеріне ғана емес, облыс орталығының тұрғындарына да қамқорлық жасау.
Жыл сайын Өскемен ЖЭО қайырымдылық мақсатында еңбек ардагерлері мен қарттар үйінде тұратын зейнеткерлерге тегін көмір бөліп, қолдан келгенше көмек көрсетеді. Осылайша, жылыту маусымы басталар алдында Өскемен ЖЭО орталық жылумен жабдықталмаған мемлекеттік емес мекемелерге 55 тонна көмір берді: Тарханка ауылында орналасқан Ардагерлер үйі, «Луч Надежды» бейімдеу орталығы және әлеуметтік жеке сектордағы «Добрый Феникс» қарттар үйі. Бұл мекемелерде тыл еңбеккерлері, ардагерлер, ерекше күтім мен қамқорлықты қажет ететін қарттар мен мүгедектер тұрақты негізде тұрады. Бұл игі іске кәсіпорынның жастар бастамашыл тобы белсенді қатысып, көмірді кіргізуге көмектесті.
Тарханка ауылындағы Ардагерлер үйінде Өскемен ЖЭО қызметкерлерін күз мезгілінің келуімен дәстүрлі түрде күтеді. Бұл Ардагерлер үйіне алғашқы суық ауа райы басталғанға дейін он төрт тонна көмір жеткізілді. Шағын үйге көмір әкеле жатқан жүк көлігін орталық директоры Денис Пилипенко қарсы алды. Ұжым мен барлық пансионат тұрғындарының атынан ол Өскемен ЖЭО-ға аға буынға көрсеткен көмектері мен назарлары үшін алғысын білдіріп, мекемеде тұру жағдайларын жақсарту үшін қандай жұмыстар жүргізіліп жатқандығымен бөлісті.
- Көптеген жылдар бойы Өскемен ЖЭО біздің пансионатқа көмектесіп келеді, бізді бүкіл жылыту маусымына көмірмен қамтамасыз етеді. Біздің пансионатымыздың атынан Өскемен ЖЭО директорына және ұжымына зор алғысымызды білдіреміз, бізге келіп, көмірді кіргізуге көмектескен бастамашыл тобының жігіттеріне де ерекше алғыс айтамыз. Баршаңызға өркендеу мен мансаптық өсуді тілейміз, - дейді Денис Анатольевич.
Өскемен ЖЭО қарттар үйінің әрбір тұрғынына зор денсаулық, ұзақ өмір және жақсы көңіл-күй тілейді.