Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
images/news/2021/29.12.21/29.12.21.jpg

Өскемен ЖЭО қызметкерлері Энергетика Күніне орай марапаттарға ие болды

| Жаңалықтар

2021 жылғы 22 желтоқсанда Өскемен ЖЭО–да дәстүрлі Энергетика күні - өзін осы салаға арнаған адамдардың кәсіби мерекесі өтті.

Салтанатты жиында станцияның дамуы мен өндірістік жақсаруына елеулі үлес қосқан кәсіпорынның 40 үздік қызметкері атап өтілді.
Бас директор Айдын Бексолтан жиналыстың басында «Қазақстан коммуналдық жүйелері» компаниялар тобының бас директоры Нәби Айтжановтың құттықтауын оқып, әріптестеріне жұмысы үшін алғысын білдіріп, іс-шараны марапаттаумен жалғастырды

2021 жыл маңызды мемлекеттік дата – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің мерейтойымен атап өтілді. Өскемен ЖЭО-да «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалімен қазандық жабдығының аға машинисі Ежикенов Руслан Серікұлы марапатталды.

«Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығының Еңбек сіңірген энергетигі» атағы химиялық жабдық жөніндегі жетекші инженер Жәния Төлеуғазықызы Сагидуллинаға берілді.
«Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығының Құрметті энергетигі» атағы өндірісті дайындау цехының бастығы Ақылбек Шәріпқанұлы Дәрменбаевқа және қазандық жабдығын жөндеу жөніндегі инженер Рейсер Сергей Николаевичке берілді.

Қазақстан Электр Энергетикалық Қауымдастығының Құрмет грамотасымен марапатталған қызметкерлер: отын-көлік цехының кран машинисі Тарасов Василий Александрович, өндірісті дайындау цехы бастығының орынбасары Тұрғанбаев Мақсат Жұмабекұлы, электр техникалық зертхана бастығы Ладыженков Александр Владимирович, жетекші инженер-жылу энергетигі Романов Вячеслав Анатольевич, химиялық талдау зертханашысы Болдырева Ирина Александровна, автоматика шебері Елфимов Андрей Михайлович, кең бейінді станокшы Фролов Александр Васильевич, қазандық жабдығының аға машинисі Елемесов Александр Тұрсынбекұлы.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың атынан грамотамен химиялық талдау зертханашысы Валиева Елена Зарифовна және электр газбен дәнекерлеуші Копнев Сергей Иванович марапатталды.
ШҚО әкімінің орынбасары атынан Электр машиналарын жөндеу жөніндегі электр слесарі Рахышов Әсет Төлеубекұлы, АСУ инженері Ищенко Николай Евгеньевич, қазандық жабдықтарының аға машинисі Горбачев Петр Егорович алғыс хаттармен марапатталды.

Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі директор – Еңбекті қорғау жөніндегі бас техникалық басшы Игорь Суханов «Қазақстан коммуналдық жүйелері» басқарушы компаниясының Құрмет грамоталарын Өскемен ЖЭО бірқатар қызметкерлеріне табыстады: жабдықтарды пайдалану және жөндеу жөніндегі техник Павел Рассошанскийге, электр жабдықтарын пайдалану жөніндегі цехтың жетекші инженері Андрей Лейслеге, электр жабдығы жөніндегі шебер Нұржан Естаулетовке, электр газбен дәнекерлеуші Андрей Гайкоға, жүк пен багажды қабылдап-тапсырушы Бибігүл Арпабаеваға, бас бухгалтердің орынбасары Роман Новиковқа, жетекші инженер-химик Жанар Сыздықбаеваға, байланыс жөніндегі инженер – АТ қолдау қызметінің үйлестірушісі Игорь Локтевке, 1-санатты есеп айырысу жөніндегі инженер Людмила Блиноваға, санитариялық-өнеркәсіптік зертхана бастығы Гүлзана Шафигуллинаға, қазандық машинисі Рустам Сасановқа, жұртшылықпен байланыс жөніндегі менеджер Карина Биляловаға.

Станцияның қоғамдық өміріне белсенді қатысқандары және кәсіпорын жұмысындағы жоғары көрсеткіштері үшін «Өскемен ЖЭО» ЖШС Бас директоры Айдын Бексолтан грамоталар табыстады: автоматтандырылған отын беру моторисі Азат Тоқтарбекке, автоматика және өлшеу құралдарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электр слесарі Марат Даутовқа, бас экономист Ирина Овчинниковаға, бу турбиналарының машинисі Мадияр Тоқтасыновқа, кадрлар жөніндегі маман Фарида Назеноваға, автоматика және өлшеу құралдарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электр слесарі Әлібек Байсолтанға, санитарлық-өнеркәсіптік зертхана инженері Тоғжан Ержановаға, дәнекерлеу жөніндегі инженер Серікбол Мұсабаевқа, іс жүргізуші-аудармашы Чалдыбаева Ренатаға, есептеу жөніндегі инженер Игорь Вилемзонға және өндірістік бақылау, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің жетекші инженері Сырым Өмірзақовқа.

Сонымен қатар, Өскемен ЖЭО қызметкерлері өз идеяларын өндіріске енгізу жұмыстарын жалғастырды. «Кайдзен» бағдарламасы бойынша 2021 жылы бекітілген 27 жоба бойынша жұмыс жүргізілді. 5S-жұмыс орындарында тәртіпті қалпына келтіру бағдарламасы бойынша жұмыс қайта басталды.

Инвестициялық жобалар және күрделі құрылыс жөніндегі Директор Данияр Тоқтарұлы Нұғыманов іске асыру кезінде кәсіпорын айтарлықтай техникалық және экономикалық тиімділікке ие болған Кайдзеннің үздік жобалары үшін грамоталар мен сертификаттарды табыс етті. Орындар келесідей бөлінді:

- 1 орын және 400 мың теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйлық көшбасшысы Торғаев Асеттің: «Орта қысымды қазандықтардағы ТП АБЖ қолданыстағы жабдығын техникалық жаңғырту» командасына беріледі. Команда мүшелері: Горохов Борис, Ищенко Николай, Смағұлов Әнуар, Байгулинова Айнаш.

- 2 орын және 300 мың теңге ақшалай сыйлық Лидер Марина Стрельцованың «Парниктік газдар шығарындыларын есепке алуды оңтайландыру» командасына берілді. Команда мүшелері: Литвинов Юрий, Гуга Николай, Габсеитова Алия.

- 3 орын және 200 мың теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйлық көшбасшысы Зарина Кондыбаеваның командасына берілді: «Артезиан (өнеркәсіптік) және ауыз суды нақты уақыт режимінде тұтынуды есепке алуды визуализациялау». Команда мүшелері: Ищенко Николай, Блинова Людмила, Киняпина Ирина.

2021 жылы «Кайдзен» жобаларына белсенді қатысқаны үшін Константин Милакин, Алексей Стеблюк, Ернур Токушев, Иван Солодянкин, Медет Мұздапаров, Жандос Тұраров, Сергей Брюханов, Станислав Дябденко марапатталды.

Сондай-ақ, Энергетик күні «Өскемен ЖЭО» ЖШС зейнеткерліктегі өндіріс ардагерлеріне дәстүрлі сыйлықтар табысталып, Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығының атынан Букарев Сергей Александрович пен Огай Нина Ивановна «Ардагер Энергетик» естелік медальдарымен марапатталды. Олар өмір бойы Өскемен ЖЭО-ның игілігі үшін жұмыс істеді: Сергей Александрович – орталықтандырылған жөндеу цехында, Нина Ивановна - конструкторлық бөлімде.

Энергетик әріптестерімізді құттықтаймыз! Сіздердің үйлеріңізде де, жүректеріңізде де жылу мен жарық жеткілікті болуын тілейміз. Ойдағы  барлық армандарыңыз орындалып, алға қойған мақсаттарға жете беріңіздер!



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

© 1947-2024 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz