Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
images/news/2023/13.06.23/13.06.23.jpg

Өскемен ЖЭО қызметкерлері энергетиктер арасындағы спорттық жарыстарға қатысты

| Жаңалықтар

Өткен демалыс күндері, 10–11 маусымда, «Өскемен ЖЭО» ЖШС футбол және волейболдан құрама командалары Шығыс Қазақстан өңірінің энергетиктері арасында дәстүрлі жарыстарға қатысты.

Бұл спорттық іс-шаралардың мақсаты – жұмысшыларды тұрақты спорттық іс-шараларға тарту, спорттық қозғалысты қолдау және дамыту, энергетика саласы қызметкерлерінің денсаулығын нығайту және дене дайындығын арттыру. Энергетиктер спартакиадасына қатысқан кәсіпорындар: «Өскемен ЖЭО» ЖШС, «Өскемен ГЭС АЭС» ЖШС, «Шүлбі ГЭС АЭС» ЖШС, «Согра ЖЭО» ЖШС, «Өскемен жылу жүйелері» АҚ, «Біріккен энергосервистік компания» АҚ – барлық командалардың дайындығы жоғары деңгейде болды.

Өскемен ЖЭО екі футбол командасымен таныстырылды. Өскемен ЖЭО-1 бірінші командасы: Самарханов Қожабек, Байғалиев Бауыржан, Қажымұхаметов Ержан, Таңсыққожинов Дамир, Тогузов Мұхтар, Абешов Айбол, Тоқтарханов Әділ, Сасанов Рустам. Өскемен ЖЭО-2 екінші командасы: Өмірзақов Сырым, Қайндинов Досым, Елдосов Ерзат, Уәлиханов Мирас, Мубараков Ержан, Ахметай Елдос, Байсолтан Әлібек, Сапашов Бағлан.

Жарыс қорытындысы бойынша Өскемен ЖЭО-1 әділ 2-ші орынды иеленді, Өскемен ЖЭО-2 командасына 3-ші орын бұйырды.
Сонымен қатар жағажай волейболынан турнир өтті. Өскемен ЖЭО әйелдер командасы 2-ші орынға ие болды.

Ерлер волейбол командасының құрамы келесідей: Сейтжапаров Дархан, Титов Артем, Казаченко Евгений, Каплунов Максим, Өмірзақов Сырым, Рахышов Әсет, Сапашов Бағлан, Мұхтарханұлы Диас. Волейболдан ерлер құрамасы 3-ші орында.

Айта кету керек, Өскемен ЖЭО қызметкерлері түрлі спорт түрлері бойынша қалалық, облыстық және республикалық жарыстарға белсенді қатысып, сол арқылы салауатты өмір салтын ұстанатындықтарын үнемі көрсетеді. Тағы да Өскемен ЖЭО қызметкерлері өздерінің корпоративтік бірлігі мен ұйымшылдықтарын жұмыста ғана емес, осындай спорттық іс-шараларда да көрсетті. Жүлдегерлер мен жеңімпаздарды құттықтаймыз және бұдан да биік жетістіктерді тілейміз!



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

© 1947-2024 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz