Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
images/news/2023/30.05.23/30.05.23.jpg

«Өскемен ЖЭО» қызметкерлері қала әкімінің алғыс хаттарымен марпатталды

| Жаңалықтар

Ағымдағы жылдың 26 мамыры күні қала әкімі Жақсылық Омар 2022-2023  жылу беру маусымының қорытындысы бойынша облыс орталығының коммуналдық шаруашылығының үздік қызметкерлеріне алғыс хаттарын табыстады.

Өскемен жылу электр орталығының бірқатар энергетиктері де марапаттарға ие болды.  Қала әкімінің алғыс хатымен Трусов Дмитрий Владимирович, Егеубаев Мақсат Тұрарұлы, Қалибеков Нұрлыбек Бекболатұлы, Тауқанбаев Нұрлан Молдашұлы марапатталды.

Егеубаев Мақсат Тұрарұлы «Өскемен ЖЭО» ЖШС-де 2014 жылдың сәуір айынан бастап Орталықтандырылған жөндеу цехының қазандық және шаң дайындау цехтарының жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі слесарі лауазымында жұмыс істейді. Мақсат Егеубаев өзін құзыретті, сауатты маман ретінде таныта білді, әріптестерінің арасында зор құрметке ие.

Трусов Дмитрий Владимирович жабдықты пайдалану және жөндеу бойынша техник болып жұмыс істейді. Ол өзінің еңбек жолын кәсіпорында 2017 жылдың қараша айында Орталықтандырылған жөндеу цехының бу-газ турбиналық жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі слесарь қызметінен бастады. Жұмыс барысында өзін нақты нәтижеге бағытталған жауапты, атқарушы маман ретінде көрсетті. Дмитрий Владимирович ағымдағы жұмыс барысында әрқашан кәсіпқойлық пен ортақ іске-энергетикаға деген адалдығын көрсете білді.

Қалибеков Нұрлыбек Бекболатұлы қазандық машинисі қызметін атқарады. Еңбек жолын 2013 жылдың маусым айында Қазандық цехының қазандық жабдықтары бойынша машинист-шолушы лауазымынан бастады, содан кейін жоғары қысымды қазандықтардың машинисі болып ауыстырылды. Өз қызметінде жоғары кәсіби білімге ие, адал, талапкер маман ретінде сипатталады, әріптестеріне үлгі болып табылады.

Тауханбаев Нұрлан Молдашұлы өзінің еңбек жолын кәсіпорында 2011 жылдың желтоқсанында жағалау сорғысының слесарі лауазымынан бастады. Қазіргі уақытта жабдықты жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі слесарь қызметін атқарады. Нұрлан Тауханбаев өзіне жүктелген өндірістік міндеттерді толық жауапкершілікпен орындайтын білікті маман. Ұжымда ол тамаша ұйымдастырушы және сенімді әріптес ретінде сипатталады.

Нұрлан Молдашұлы Өскемен ЖЭО ұжымында зор құрмет пен беделге ие. Қала әкімімен «Өскемен ЖЭО» ЖШС қызметкерлеріне табысталған алғыс хаттар олардың жоғары кәсіпқойлығын, құзыреттілігі мен жауапкершілігін дәлелдейді және энергетиктердің кез келген күрделі өндірістік міндеттерді шешуге дайындықтарының көрсеткіші болып табылады.



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

© 1947-2024 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz