Өскемен ЖЭО Комендантка өзенін тазалауға қатысты
Өткен демалыста Өскемен ЖЭО жас энергетиктері Өскемен қаласының белсенділерімен бірге ауқымды сенбілікке қатысты.
Тазалауға бір апта қалғанда, барлық пабликтерде еріктілер шараға қатысуға ниеттілерді шақыратындары туралы хабарландыру жариялады. Қаланың қамқор тұрғындары, кәсіпорындар, мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері бірікті.
Бұлтты ауа райы мен ауа температурасының төмендігіне қарамастан, экологиялық акцияға 100-ге жуық адам қатысты. Нәтижесінде 10 бірлік арнайы техника 600-ге жуық қап қоқысты жинап, шығарды. Кәсіпорында «Өскемен ЖЭО жастар қанаты» бастамашыл тобы бар. Станция қызметкері Марат Даутов акция туралы хабарландыруды Инстаграм желісінен көрді. Энергетиктер бірден қалаға көмектесіп, сенбілікке қатысуға шешім қабылдады.
- Бәріміз бірігіп жұмыс жасадық, қоқысты шығардық, бұл біздің туған қаламыз ғой. Біз керек-жарақты алып шыққанымыз жақсы болды - күректер мен тырмалардың пайдасы зор болды. Кейбір әріптестеріміз қайықпен жүріп қоқыс жинады, ал біз – жағалауды тазаладық. Қоқыс әр түрлі және өте көп болды. Біз өзендегі жағдайды реттеуге көмектесуге тырыстық. Бұл биыл біз қатысатын үшінші ірі қалалық сенбілік, - деді Өскемен ЖЭО бастамашыл тобының жетекшісі Сырым Өмірзақов.
Өскемен ЖЭО қызметкерлері мұндай бастамалар жалғасын табады және адамдардың қоршаған ортаға деген санасы мен жауапкершілігін арттырады деп үміттенеді. Өйткені, бұл - болашақ ұрпаққа мұра.