Өскемен ЖЭО - табиғаттың сақталуы үшін
Өскемен ЖЭО қызметкерлері өткен аптада 70 ағаш көшеттерін отырғызуды ұйымдастырды – бұл қарағаш, қайың, манчжур жаңғағы.
Көшеттер Өскемен қаласының кіреберісінде орнатылған Қабанбай батыр ескерткішінің артындағы аймаққа салынды. Жанында Новоявленка ауылы орналасқан, өзен ағып жатыр, сондықтан өсіп келе жатқан жас ағаштар үшін бұл қолайлы табиғи жағдай.
Отырғызу жұмыстары ағаш жапырақтары түсе бастап, түнгі температура әлі де 2-3 градус аралығында болып тұрғанда және қар әлі түспеген кезде жүргізілді. Сондықтан өсімдіктер тамырланып, келесі жылы жасыл тәжімен қуантады деген сеніміміз мол.
Өскемен ЖЭО жыл сайын қоршаған ортаны қорғау бойынша түрлі экологиялық акцияларға белсенді қатысады және табиғатты дамытуға өз үлесін қосады.