«Өскемен ЖЭО» ЖШС 2023 жылдың бірінші жартыжылдығына тарифтік сметаның және инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есептерді ұсынды
2023 жылғы 28 шілдеде «Өскемен ЖЭО» ЖШС конференц-залында ZOOM бейнеконференцбайланысы арқылы 2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы инвестициялық бағдарламаның және тарифтік сметаның орындалуы туралы есептердің жария тыңдаулары өтті.
«Өскемен ЖЭО» ЖШС инвестициялық жобалар және күрделі құрылыс жөніндегі директоры Данияр Нугуманов қатысушыларға кәсіпорын туралы жалпы ақпарат беріп, жылу энергиясын өндіруге арналған тарифтік сметаның және инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есептер www.uktets.kz сайтында орналастырылғанын атап өтті.
Тарифтер жөніндегі бас маман Ирина Киняпина тыңдаушыларды қолданыстағы тарифтер, тұтынушылармен жұмыс, жылу энергиясын өндіру жөніндегі қызметтің қаржылық көрсеткіштері туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.
2023 жылғы 1 ақпаннан 30 маусымға дейінгі кезеңде 42 тұтынушы – заңды тұлғалармен жылу энергиясын беруге шарттар жасалды. Тікелей «Өскемен ЖЭО» ЖШС-не 6 тұтынушы қосылған, «ҮМЗ» АҚ желілері арқылы 31 тұтынушы қосылған, «Казцинк» ЖШС желілері арқылы 5 тұтынушы қосылған.
«Өскемен ЖЭО» ЖШС өндіретін жылу энергиясының негізгі тұтынушысы «Өскемен жылу жүйелері» АҚ болып табылады – 83%. 17% индустриялық секторға, оның ішінде «Үлбі металлургия зауыты» АҚ және «Казцинк» ЖШС сияқты ірі қала құраушы кәсіпорындарға тиесілі.
2023 жылы бекітілген Инвестициялық бағдарламаның сомасы 3,5 млрд теңгені құрайды.
- Инвестициялық бағдарлама шеңберінде қазандықты, турбиналық, электротехникалық жабдықтарды және отын беру жабдықтарын күрделі жөндеу және қайта құрастыру жүзеге асырылуда, - деп хабарлады «Өскемен ЖЭО» ЖШС техникалық директорының орынбасары Александр Демин.
ЖЭО-да 140 ата негізгі бу құбырларын ауыстыру бойынша жобаны іске асыру жалғасуда, бұл өз кезегінде есептік ресурсты 100 000 сағаттан 200 000 сағатқа дейін ұлғайтуға ықпал етеді. Сондай-ақ, ст. №7 қазандық агрегатының эмульгаторларының құйындыларын ауыстыру, жаңа күл үйіндісін салу, күл құбырларын күрделі жөндеу, оң жақ бүйірлік экран панельдерін ауыстыра отырып, №15 қазандық агрегатын күрделі жөндеу, ст. №№10, 12, 14, 15 қазандық агрегаттарын күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған.
Жоғарыда аталған іс-шаралар Өскемен ЖЭО-ға тұтынушыларды жылу энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында алдағы жылыту маусымына сапалы және уақтылы дайындалуға мүмкіндік береді.