«Өскемен ЖЭО» ЖШС-де баспасөз туры өтті
2023 жылғы 25 шілдеде «Өскемен ЖЭО» ЖШС-де жылу орталығын алдағы жылыту маусымына дайындау шеңберінде баспасөз туры өтті.
Іс-шара барысында Өскемен қаласы әкімдігінің және БАҚ өкілдері Өскемен ЖЭО-да жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. «Өскемен ЖЭО» ЖШС техникалық директоры Нұрлан Ахметжанов қатысушыларды ағымдағы жөндеу компаниясы туралы хабардар етті, кәсіпорын бойынша аралау жүргізді және жұмыс үрдісімен тікелей цехтарда таныстырды. Сонымен, баспасөз турына қатысушылар ст. №№15,13 қазандық агрегаттарына және ст. №12 турбоагрегатына, сондай-ақ басқарудың бас қалқанына барды, онда тәулік бойы негізгі және қосалқы жабдықтарды жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Баспасөз турына қатысушылар станциядағы жөндеу науқанының деңгейі жөніндегі презентацияны көріп, кәсіпорынның өндірістік қызметіне қатысты сұрақтар қойды.
- 2023 жылғы жөндеу бағдарламасы барысында кестеге сәйкес ст. №№8,9 қазандық агрегаттарына, ст. №№9,10,11 турбоагрегаттарына ағымдағы жөндеу жүргізілді, сондай-ақ ст. №11 қазандық агрегаты мен №7 турбоагрегатқа күрделі жөндеу жүргізілді; ст. №№12,13,15 қазандық агрегаттарына ағымдағы жөндеу, ст. №10 қазандық агрегатына, №7 турбоагрегатқа және ст. №12 турбоагрегатқа күрделі жөндеу жүргізілуде, - деді «Өскемен ЖЭО» ЖШС техникалық директоры Нұрлан Ахметжанов.
Бүгінгі таңда Өскемен ЖЭО жоспарланған жөндеу жұмыстарының жалпы көлемінің 52,9% орындады. Барлық жұмыстар сапалы және бекітілген кестеге сәйкес орындалады, өйткені жылыту кезеңінде облыс орталығының тұтынушыларын жылу энергиясымен сенімді қамтамасыз ету осыған байланысты.