«Өскемен ЖЭО» ЖШС-нде алғашқы көмек көрсету дағдылары бойынша оқыту өткізілуде
Өскемен ЖЭО-да 2023 жылдың маусым-шілде айлары аралығында HEARTSAVER курсына сәйкес «Алғашқы медициналық көмек көрсету» бойынша қызметкерлерді міндетті оқыту өткізілуде.
Оқытуды офлайн форматта алғашқы көмек және базалық жүрек-өкпе реанимациясы бойынша қосымша даярлықтан өткен, алғашқы көмек бойынша тренингтен өту бойынша белгіленген үлгідегі сертификат – құжаты бар сертификатталған жаттықтырушылар жүргізеді.
Ағымдағы жылдың мамыр айында станцияның 2 қызметкері: Корпоративтік оқыту орталығының жетекшісі Наталья Слабодчикова мен Өндірістік бақылау, қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметінің жетекші инженері Сырым Өмірзақов Астана қаласындағы «KAZANADA» халықаралық кардиологиялық қауымдастығында алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша оқудан өтіп, жаттықтырушы-нұсқаушының қажетті сертификатын алды.
Бұл Сертификат Корпоративтік оқыту орталығының қызметі шеңберінде жұмыскерлер үшін тікелей станцияда міндетті оқытуды жүргізуге мүмкіндік береді. Оқыту барысында қызметкерлер жүрек-өкпе реанимациясын көрсету бойынша базалық теориялық білімді, сондай-ақ дефибриллятормен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын меңгереді. Яғни, оқу процесінде әрбір қызметкер іс жүзінде қолдануға және игеруге, манекенде іс-әрекеттің дұрыс орындалуын үйретуге, сондай – ақ портативті құрылғымен-дефибриллятормен жұмыс істеуді үйренуге мүмкіндік алады.
Бұл оқу бағдарламасы төменде көрсетілген белгілер үшін негізгі жүрек-өкпе реанимациясын (дефибриллятормен жұмыс) қамтиды:
- есін білмеу;
- тыныс алу мен қан айналымының тоқтауы;
- сыртқы қан кету;
- жоғарғы тыныс жолдарына бөгде заттың түсуі;
- дененің әртүрлі аймақтарының жарақаттары;
- күйіктер, жоғары температура, жылу сәулеленуінің әсері;
- үсік және төмен температура әсерінің басқа әсерлері;
- улану;
- бұлшықет құрысуы;
- шағулар.
Оқу нәтижелері бойынша 3 жыл мерзімге белгіленген үлгідегі тыңдаушы сертификаты беріледі. «Өскемен ЖЭО» ЖШС өз қызметкерлері арасында қауіпсіздік техникасы мәдениетін қалыптастыруға және олардың базалық медициналық білімді игерулеріне үлкен назар бөледі.