Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
images/news/2023/19.07.23/19.07.23.jpg

«Өскемен ЖЭО» ЖШС-та РЕ - сертификациялық аудит жүргізілді

| Жаңалықтар

Ағымдағы жылдың 10-шы шілдесі мен 12-ші шілдесі аралығында «Өскемен ЖЭО» ЖШС біріктірілген менеджмент жүйесіне ре - сертификаттау аудиті өткізілді. Аудитті «Қазақстан сапа орталығы» және «QSCert» уәкілетті сертификаттау ұйымдарының сарапшы - аудиторлары жүргізді.

«QSCert» – Зволен қаласында (Словакия Республикасы) орналасқан халықаралық сертификаттау органы. «Қазақстан сапа орталығы» Қазақстан Республикасындағы жетекші сертификаттау органы болып табылады.
Өскемен ЖЭО-ның басымды мақсаты – қауіпсіздіктің барлық талаптарын сақтай отырып, жұмысшылардың және басқа да мүдделі тараптардың өмірі мен денсаулығына қауіптерді жою, сондай-ақ қолайлы қоршаған ортаны сақтай отырып, өндірістің жоғары сенімділігімен тұтынушылардың қанағаттануын үнемі жақсартуға ұмтылу және энергия ресурстарын ұтымды пайдалану болып табылады.

Осы мақсатқа жету үшін кәсіпорын ISO 9001, ISO 45001, ISO 14001, ISO 50001 төрт халықаралық стандарттарының жұмысына негізделген Біріктірілген менеджмент жүйесін енгізіп, табысты жұмыс істеуде, «Өскемен ЖЭО» ЖШС-ға сапа менеджменті жүйесі, денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігі, экология және энергия менеджменті саласындағы қызметін үнемі жетілдіру жолында болуға мүмкіндік береді.

Кәсіпорын ISO 9001, ISO 14001 және ISO 45001 халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес сертификатталған; ҚР СТ ISO 9001, ҚР СТ ISO 14001 және ҚР СТ ISO 45001 Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарының талаптарына сәйкес ISO 50001 талаптары енгізілді.

Сарапшы - аудиторлар Сәкен Мұхитов пен Галина Холдина Кәсіпорынның Біріктірілген менеджмент жүйесін тиімді екенін, жұмыс істеп тұрғанын, дамығанын және үнемі жетілдіріліп отыратынын, аудиттің барлық өлшемдеріне сәйкес келетінін атап өтті, қызметкерлерге қызығушылықтары, ашықтығы мен адалдығы үшін алғыс білдірді.

Сәйкестік сертификаттары 3 жыл мерзімге беріледі.



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

© 1947-2024 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz