Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Өскемен ЖЭО-ға келді
2023 жылғы 16 қыркүйекте жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Өскемен ЖЭО-ға келді. Қазіргі уақытта Өскемен ЖЭО-ның негізгі және қосалқы жабдықтарында бекітілген кестеге қатаң сәйкестікте алдағы 2023–2024 жылыту маусымына дайындық бойынша жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.
«Өскемен ЖЭО» ЖШС бас директоры Данияр Нұғыманов қатысушыларды жөндеу жұмыстарының барысы туралы хабардар етті, кәсіпорынды аралап, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен БАҚ өкілдерін тікелей цехтардағы жұмыс үрдісімен таныстырды.
Бүгінгі таңда Өскемен ЖЭО-да жоспарланған жөндеу жұмыстарының жалпы көлемінің 82,6% орындалды.
- Өнімділігі сағатына 400–420 тонна, қызып кеткен бу қысымы 140 кг/см2, температурасы 560ºС болатын ст. №16 қазандық агрегатын салу жоспарлануда, қазандық агрегатының типтік мөлшері ғимараттың қолданыстағы ұяшығының габариттерін ескере отырып қабылданады. Сондай-ақ, қуатын 50-ден 65 МВт-қа дейін ұлғайтумен, Т-60/65-130 типті турбинаны орнату арқылы ст. №10 турбина агрегатын ауыстыру жоспарда бар. Жобаны іске асыру станцияның шиналарынан электр қуатын босатуды 55,0 МВт-қа ұлғайтуға, сондай-ақ станцияның белгіленген жылу қуатын 240 Гкал/сағ-қа, тұтынушылар үшін қолда бар жылу қуатын 130 Гкал/сағ-қа ұлғайтуға мүмкіндік береді, бұл Өскеменде электр және жылу қуатының тапшылығын төмендетеді. Ст. №16 қазандық агрегатын салуға және ст. №10 турбина агрегатын ауыстыруға жеке тариф белгілей отырып, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігімен инвестициялық келісім жасасу жоспарлануда, - деп баяндады «Өскемен ЖЭО» ЖШС бас директоры Данияр Нұғыманов.
Алдағы жылыту маусымына жалпы 9 қазандық пен 8 турбина жөнделеді. Өскемен ЖЭО жөндеу бағдарламасының жалпы құны биыл шамамен 8,8 миллиард теңгені құрайды.
2023 жылғы жөндеу бағдарламасы барысында ст. №№8,9,12,13 қазандық агрегаттарына, ст. №№8,9,10,11 турбина агрегаттарына ағымдағы жөндеу жұмыстары, сондай-ақ ст. №11 қазандық агрегаты мен №№7,12 турбина агрегаттарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Ст. №15 қазандық агрегаты ағымдағы жөндеуде, ст. №10 қазандық агрегаты кеңейтілген ағымдағы жөндеуде және ст. №7 қазандық агрегатында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Өскемен ЖЭО жөндеу бағдарламасын іске асыруға 40 мердігер ұйым қатысады. Жөндеу жұмыстарына тартылған персоналдың жалпы саны 250 адамды құрайды. Негізгі жабдықты жөндеу жұмыстары тәулік бойы жүргізіледі.
«Өскемен ЖЭО» ЖШС жыл сайынғы жөндеу науқаны Өскемен қаласының тұрғындары үшін жылу және электр энергиясын үздіксіз өндіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.