Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
images/news/2023/11.09.23/11.09.23.jpg

Өскемен ЖЭО-ны жылыту маусымына дайындау аяқталуға жақын

| Жаңалықтар

«Өскемен ЖЭО» ЖШС Шығыс Қазақстан облысындағы ең ірі жылу электр орталығы болып табылады, ол өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін жылу энергиясын өндіруді қамтамасыз етеді және Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық секторы жүктемесінің 80%-дан астам көлемін жабады.

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі болып табылатын жылу және электр энергиясын өндіру аралас тәсілмен жүзеге асырылады. Станцияның орнатылған жылу қуаты – 859,9 Гкал/сағ, орнатылған электр қуаты – 372,5 МВт. Жыл сайын жылыту маусымы аяқталғаннан кейін жылу энергетиктері өз тұтынушыларына жылу мен электр энергиясын үздіксіз беру үшін жабдықтарды жөндеуге кіріседі.

Бүгінгі таңда бекітілген кестеге сәйкес Өскемен ЖЭО негізгі және қосалқы жабдықтарында жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Қазіргі уақытта жоспарланған жөндеу жұмыстарының жалпы көлемінің 71,5% орындалды.

Алдағы жылыту маусымына жалпы 9 қазандық пен 8 турбина жөнделеді. Өскемен ЖЭО жөндеу бағдарламасының жалпы құны биыл шамамен 8,8 миллиард теңгені құрайды. 2023 жылғы жөндеу бағдарламасы барысында ст. №№8,9,12,13 қазандық агрегаттарының, ст. №№8,9,10,11 турбина агрегаттарының ағымдағы жөндеулері, сондай-ақ ст. №11 қазандық агрегатының және ст. №№7,12 турбина агрегаттарының күрделі жөндеулері орындалды.

Қазіргі кезде ст. №15 қазандық агрегаты ағымдағы жөндеуде, ст. №10 қазандық агрегаты кеңейтілген ағымдағы жөндеуде және ст. №7 қазандық агрегаты күрделі жөндеуде.

Өскемен ЖЭО жөндеу бағдарламасын іске асыруға 40 мердігер ұйым қатысады. Жөндеу жұмыстарына тартылған персоналдың жалпы саны 250 адамды құрайды. Негізгі жабдықты жөндеу жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде.

Айта кету керек, 2023 жылғы инвестициялық бағдарламаға қазандық агрегатының жылыту бетінің негізгі жабдығының элементтерін ауыстыру бойынша қосымша іс-шаралар енгізілген. Бұл іс-шаралар ст. №№ 10,12,14,15 қазандық агрегаттарында іске асырылады.

«Өскемен ЖЭО» ЖШС жыл сайынғы жөндеу науқаны Өскемен қаласының тұрғындары үшін жылу және электр энергиясын үздіксіз өндіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

© 1947-2024 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz