"ҚКЖ" Тұлғалары: Жанар Садықова – Өскемен ЖЭО-дағы 18 жылдық еңбек жолы
Химиялық жабдықтар жөніндегі Инженер Жанар Ахметқызы Садықова Өскемен ЖЭО-да 18 жыл жұмыс істейді.
Оның осы саладағы үлкен тәжірибесі мен білімі оны энергия өндіруші кәсіпорынның құнды қызметкері етеді. Біз одан кәсіби қызметі туралы, бәрі неден басталғанын және бүкіл еңбек жолында туындаған қиындықтармен қалай күрескені жайлы сұрадық.
- Өзіңіз туралы айтып беріңізші. Неліктен сіз бұл мамандықты таңдадыңыз?
- Мен Катонқарағай ауданы, Катон ауылында туып-өстім. 1997 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін Шығыс Қазақстан политехникалық колледжіне Өнеркәсіптік жылу энергетикасы факультетіне оқуға түстім. Жаңа білім мен дағдыларды алуға ұмтылуды жалғастыра отырып, 2005 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетіне түсіп, Өнеркәсіптік жылу энергетикасы факультетінде білімімді жалғастырдым. Мен жұмысшы отбасында дүниеге келдім, 5 баланың ең үлкенімін. Өнеркәсіптік жылу энергетикасы саласындағы мамандықты таңдау саналы еді және осы салаға деген қызығушылығыма тікелей байланысты болды. Менің мамандығым маған энергетика саласына үлес қосуға мүмкіндік береді деп санаймын. Сонымен қатар, менің отбасылық ортам жұмысшылар арасынан болып келеді, бұл да менің мамандық таңдауыма әсер етті.
- Өскемен ЖЭО-дағы еңбек қызметіңіз туралы айтып беріңізші. Барлығы неден басталды?
- 2006 жылы еңбек жолымды Өскемен ЖЭО-да көмір зертханасында зертханашы ретінде бастадым. 2010 жылы химиялық су тазарту аппаратшысы лауазымына ауыстырылдым. 2014 жылы қажетті білім мен тәжірибе жинағаннан кейін мені су зертханасының зертханашысы лауазымына ауыстырды, онда мен су талдауын жүргіздім және электролиз қондырғысымен жұмыс істедім. Мансаптағы келесі қадам мазут шаруашылығы болды, онда да мен зертханашы ретіндегі міндеттерімді сәтті орындадым. Содан кейін емтихандарды тапсырып, тәлімгерлерден құнды тәжірибе алғаннан кейін маған химиялық бөлімдегі ауысым бастығы лауазымы берілді. Мен өзімнің кәсіби жолымды мақтан тұтамын және өз саламда үнемі білім алып, оны жетілдіруге ұмтыламын. Ал 2022 жылы мені Ресейге, Санкт-Петербург энергетикалық біліктілікті арттыру институтының Челябі филиалына іссапарға жіберді. Онда мен курстардан өтіп, энергетикалық және желілік кәсіпорындарда майларды бақылау және пайдалану туралы куәлік алдым.
- Станцияда сізге не ұнайды?
- Біздің станцияда маған ерекше ұнайтын бірнеше маңызды аспектілер бар. Ең алдымен, бұл жұмыстың тұрақтылығы. Жақсы орнатылған басқару жүйесі мен жабдыққа техникалық қызмет көрсету арқылы біз үздіксіз қуат беруді қамтамасыз етеміз. Біз, Өскемен ЖЭО қызметкерлері, шын мәнінде маңызды іс атқарып, адамдардың үйлеріне жарық пен жылу әкеліп, өңіріміздің игілігі үшін жұмыс істеп жатқанымызды мақтан тұтамын. Мен жұмыс істейтін ұжым да станцияда жұмыс істеудің маңызды аспектілерінің бірі болып табылады. Біз уақытымыздың көп бөлігін жұмыста өткіземіз, сондықтан қолдау, өзара көмек және әріптестермен сенімді қарым-қатынас үлкен рөл атқарады. Біз бәріміз командалық жұмысқа барынша күш саламыз, тәжірибе алмасамыз және әртүрлі жағдайларда бір-бірімізді қолдаймыз. Бұл бізді біріктіреді және ортақ мақсаттарға жетуге көмектеседі.
- Қысқаша айтқанда, отын, май және газды талдау зертханасы немен айналысады?
- Бізде ЖЭО салынған кезден бастап жұмыс жасайтын отын, май және газды талдау бойынша аттестатталған зертхана бар. Зертханада отынды, энергетикалық майларды енгізу және технологиялық бақылау, генераторлар мен электролиз қондырғысының газ жүйесін бақылау, аккумуляторлық батареялардағы электролиттер, мазутты, дизель отынын енгізу және пайдалану бақылауы жүргізіледі, сондай-ақ, көмір бойынша экспресс-зертахананың жұмысын ұйымдастырады және бақылайды, турбиналық цехтың маймен толтырылған жабдықтарының жай-күйіне бақылау жүргізеді.
- Отбасыңыз туралы айтып беріңізші, сізде хобби бар ма?
- Менің керемет отбасым, күйеуім бар, ол маған барлық жағынан көмектеседі және қолдайды. Біз ұлымызды бірге тәрбиелеп, оның дамуы үшін жұмыс істейміз. Біз отбасымызбен бірге демалып, бірге уақыт өткізгенді ұнатамыз. Жаңа жерлерге бару, табиғаттан ләззат алу және күнделікті уайымдардан демалу өте ұнайды. Бұл бізге одан да күшті байланыс тудыратын әдемі және ұмытылмас естеліктер жасауға мүмкіндік береді.
- Жылу энергетиктерінің жас буынына не тілейсіз?
- Менің бірінші тілегім — үздіксіз оқу және өзін-өзі дамыту. Жылу энергетикасы саласындағы технологиялар үнемі жетілдіріліп отырады, сондықтан соңғы үрдістер мен жаңа әзірлемелерден хабардар болу маңызды. Жұмыс барысында оқу, тренингтер мен семинарларға қатысу, өз бетінше оқу – мұның бәрі сұранысқа ие және кәсіби құзыретті маман болуға көмектеседі. Сонымен қатар, командада жұмыс істеу қабілетін дамыту маңызды. ЖЭО-да жұмыс істеу – бұл, ең алдымен, ортақ істі атқаратын үйлесімді еңбек, ұйымшыл ұжым. Жедел болыңыз, әрқашан нәтижеге жету үшін жұмыс істеу керек. Жылу энергетикасы – маңызды және жауапты сала. Мен әрқашан ЖЭО-да жұмыс істейтінімді мақтанышпен айтамын.
Кәсіби жетістіктеге қуаныңыздар, жаңа биіктерді бағындырып, әрқашан өздеріңізді жетілдіруге ұмтылыңыздар! Энергетик әріптестер, біздің күнделікті жұмысымыздағы өндірістік жеңістер мен жетістіктер тілеймін!