Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
images/news/2023/28.08.23/28.08.23.jpg

Өскемен ЖЭО қызметкерлері энергетиктер арасындағы спорттық жарыстарға қатысты

| Жаңалықтар

2023 жылғы 26 тамызда Ольга Рыпакова атындағы Жеңіл атлетика орталығында Шығыс Қазақстан облысы энергетиктері спартакиадасының XXXXIX бағдарламасында жұмысшылар арасында үшсайыстан жарыс өтті.

Бұл спорттық іс-шаралардың мақсаты–еңбекшілерді тұрақты спорттық іс-шараларға тарту, спорттық қозғалысты қолдау және дамыту, энергетика саласы қызметкерлерінің денсаулығын нығайту және дене дайындығын арттыру.

Энергетиктер спартакиадасына қатысқан кәсіпорындар: «Өскемен ЖЭО» ЖШС, «Өскемен ГЭС АЭС» ЖШС, «Шүлбі ГЭС АЭС» ЖШС, «Согра ЖЭО» ЖШС, «Өскемен жылу жүйелері» АҚ, «Біріккен энергосервистік Компания» АҚ – барлық командалар жақсы дайындықты көрсетті.

Өскемен ЖЭО командасы келесі құрамда ұсынылды: Қабдыкәрімов Диас, Сабиева Жанар, Әбдірай Ұлан. Жарыс қорытындысы бойынша Өскемен ЖЭО командасы жалпы командалық 2 орынға ие болды. Жеке есепте 1 орынды Турбиналық жабдық бойынша машинист-қараушы стажері Қабдыкәрімов Диас Архатұлы иеленді, ол барлық пәндер бойынша үздік нәтижелерді көрсетті.

Айта кету керек, Өскемен ЖЭО қызметкерлері әртүрлі спорт түрлері бойынша қалалық, облыстық және республикалық жарыстарға белсенді қатысады, осылайша салауатты өмір салтын ұстанатындығын көрсетеді.

Өскемен ЖЭО қызметкерлері өздерінің корпоративтік бірлігі мен ұйымшылдығын жұмыста ғана емес, осындай спорттық іс-шараларда да көрсетті. Жүлдегерлер мен жеңімпаздарды құттықтаймыз және келешекте де зор жетістіктер тілейміз!



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

© 1947-2024 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz