Ардагерлер үйіне көмір
Өскемен ЖЭО Тарханка ауылындағы Ардагерлер үйіне 2021-2022 жж. жылыту маусымында көмек ретінде көмір берді.
Әлеуметтік жауапкершілік аясында кәсіпорын жыл сайын еңбек ардагерлері мен зейнеткерлерге қолдан келген көмегін көрсетеді. Ардагерлер үйінде 15 зейнеткер тұрады. Мұнда Өскемен ЖЭО жұмысшыларын жақсы таниды және оларды суық ауа райының басталуымен күтеді. Салқын күндер басталмай жатып он төрт тонна көмір пансионатқа жеткізілді. Ардагерлер үйінің барлық тұрғындары аға буынға көрсеткен көмектері мен көңіл бөлгендері үшін Өскемен ЖЭО-ға ризашылықтарын білдіреді.
Ұлы ойшыл Омар Хайямның сөзімен айтқанда: «Жүрекке қажетті ең жылы киім - мейірімділік». Мейірімділік барлық қариялардың жүректеріне жылулық сыйласын.