Өрт-тактикалық сабақ
2020 жылдың 18 қыркүйегінде Өскемен ЖЭО-да «Өрт Сөндіруші» АҚ облыстық филиалының №106 ӨАҚБ (өрттен апаттық-құтқару бөлімшесі) қызметкерлері мен станция персоналының қатысуымен өртке қарсы жаттығу өткізілді.
Таңертең сағат 9.00-де өрт жаттығулары жарияланды, станцияның кезекші инженері ӨАҚБ -106 жауынгерлік есептобын шақырып, кәсіпорын жұмысшылары эвакуацияланды. Дабыл қағылғаннан кейін өрт сөндіру машинасы үш минуттың ішінде шартты өрт шыққан жерге жетті, содан кейін Өскемен ЖЭО өндірісті дайындау қызметінің жөндеу жөніндегі инженері Мақсат Тұрғанбаев оқиға туралы хабарлама жасады. Өртті сөндіру үшін үш қызметкерден тұратын газ бен түтіннен қорғау қызметінің бөлігі ұйымдастырылды, қауіпсіздік бекеті құрылды және бес минуттың ішінде «тұтану көзі» табылды.
Өрт сөндіру бөлімінің бастығы Шаймардан Мамешов, профилактикалық топтың аға нұсқаушысы Айбек Астамбаев және ӨАҚБ жеке құрамы 30 минут аралығында екінші қабаттағы зертхана мен әкімшілік ғимаратындағы «өртті» жою үшін ұйымшылдықпен жұмыс жасады.
Тренингтің нәтижесінде өрт-тактикалық сабаққа қатысқан барлық қатысушылардың іс-әрекеттері талданып, түсініктемелермен жұмыс жасалды. Еске сала кетейік, 2019 жылдың қараша айында авариялардың алдын алу және болдырмау мақсатында Өскемен ЖЭО-да «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы - Шығыс Қазақстан облысының №106 өрттен құтқару бөлімшесі ашылды. Өскемен ЖЭО өндірістегі өрт қауіпсіздігі, экологиялық қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы шараларына ерекше назар аударады.