Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
images/news/2020/12.08.20/audit.jpg

Сапаны растадық

| Жаңалықтар

7 тамызда Өскемен ЖЭО-да Интеграцияланған менеджмент жүйесінің (ИМЖ) ресертификациялық аудиті аяқталды. ИМЖ кәсіпорында 2011 жылы ендірілген және үш халықаралық ISO стандарттарына сәйкес әрекет етеді: бұл ISO 9001:2015 сапа менеджементі, ISO 14001:2015 экологиялық менеджмент жүйесі және ISO 45001:2018 денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамту жүйесі.

Сертификаттау бойынша халықаралық «Русский регистр» сертификаттау қауымдастығының аудиторлары Сәкен Мухитов пен Галина Холдина үш күн бойы әр түрлі бөлімшелер мен цехтарда менеджменттің үш жүйесінің әрекетіне баға берді.

Соңғы жиналыста аудиторлар қорытынды жасап, аудитті өткізуге әзірленген қолайлы жағдай мен игілікті ахуалды атап өтті: «Жалпы, сіздер менеджменттің үш жүйесіне сәйкестіктеріңізді растадыңыздар, ал біздің тарапымыздан жасалған байқаулар – бұл жақсартуға арналған қадамдар» - деп қорытындылады бас аудитор Сәкен Мухитов.

«Өскемен ЖЭО» ЖШС бас директоры Сабырғали Идрисов аудиторларға атқарған жұмыстары үшін алғысын білдіріпі, кәсіпорын өз қызметін ары қарай да интеграцияланған менеджмент жүйесіне сәйкес жалғастыратындығын айтты.



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

© 1947-2024 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz