Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
images/news/2024/05.02.2024/IMG_9399.jpg

Өскемен ЖЭО Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетімен белсенді ынтымақтастық орнатуда

| Жаңалықтар

Өскемен ЖЭО кадрлық әлеуетті нығайту және жас білікті мамандарды өндіріске тарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізетіні белгілі. Осыған байланысты, ынтымақтастық туралы меморандумдар мен білікті мамандарды кәсіби даярлау туралы шарттар негізінде Өскемен ЖЭО Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетімен өзара белсенді әрекеттесуде.

Аталған жоғары оқу орны ұжымының үйлесімді стратегиялық жұмысының арқасында университет биыл «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының рейтингісінде көш бастап тұр. Осылайша, аталған рейтингке сәйкес, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің «Жылу энергетикасы» білім беру бағдарламасы еліміз бойынша 2-орынды иеленді. Бұл жетістік оқу орнында әзірленетін және іске асырылатын білім беру бағдарламаларының жоғары деңгейін растайды.

«Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ» КЕАҚ көп жылдан бері өз жемісін беріп келе жатқан дуальды оқыту бағдарламасын енгізіп келеді. «Өскемен ЖЭО» ЖШС жанындағы «Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ» кафедрасының филиалы «Жылу энергетикасы» және «Электр энергетикасы» білім беру бағдарламалары бойынша өндірістен қол үзбей дуальды оқытудың негізгі элементі болып табылады және жас энергетик мамандарды даярлауда маңызды рөл атқарады, бұдан әрі өңірдің ғана емес, жалпы республиканың энергетика саласының игілігі үшін де қызмет ететін болады.



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

© 1947-2024 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz