Өскемен ЖЭО 2023–2024 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық паспортын алды
2023 жылғы 5 қазанда «Өскемен ЖЭО» ЖШС энергия өндіруші ұйымның 2023–2024 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа дайындығы паспортын алып, жылу және электр энергиясын сенімді жеткізуші мәртебесін тағы да растады.
Барлық қажетті жөндеу іс-шараларының сапалы және уақтылы орындалғанын куәландыратын құжатты ҚР Энергетика министрлігінің Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті берді. Көрсетілген Паспорт Өскемен ЖЭО энергия өндірісінің қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті белгіленген нормалар мен талаптарға сәйкес келетіндігін растайды.
Күзгі-қысқы кезеңге дайындық барысында «Өскемен ЖЭО» ЖШС негізгі және қосалқы жабдықта жоспарланған жұмыс көлемін сәтті орындады.
Ст.№№8,9,12,13 қазандық агрегаттарының,ст. №№4,6,8,9,10,11 турбина агрегаттарының ағымдағы жөндеулері, сондай-ақ ст. №11 қазандық агрегатының және ст. №№7,12 турбина агрегаттарының күрделі жөндеулері аяқталды.
Кесте бойынша және бекітілген мерзімдерде жөндеу жұмыстарының аяқталуы тұтынушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, энергетикалық инфрақұрылым жұмысын қолдауда Өскемен ЖЭО энергетиктерінің кәсібилігі мен жауапкершілігін көрсетеді.
Өскемен ЖЭО жыл сайынғы жөндеу науқаны Өскемен қаласының тұрғындары үшін жылу мен электр энергиясын үздіксіз өндіруге мүмкіндік береді. Станция қоймаларында жинақталған отынның көлемі нормативтік қорларға сәйкес келеді.
Өскемен ЖЭО дайындық паспортын алу станцияның 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымына уақтылы және сапалы дайындығын көрсетеді.