Өскемен ЖЭО - қайыңды тоғайдың тазалығы үшін!
2020 жылдың 9 қазанында Өскемен ЖЭО ынталы тобы «Қоқысты өзіңмен бірге ала кет» шарасының аясында Ертіс өзенінің сол жағалауын қоқыстан тазартты. Қоқыс көп болды - Камаз көлігінің шанағы толды.
«Мұндай табиғатты қалай ластауға болады?! Адамдардың өз әрекеттеріне жауапты және мәдениетті болғандарын қалар едік ...» - деп ЖЭО қызметкерлері өз үміттерін білдірді. Өйткені, Ертіс жағасындағы Қайыңды тоғай - Қалалықтардың сүйікті орны.
Тазалау аяқталғаннан кейін, тоғайлар аясына жас жұбайлар келді, және де үйлену фотосессиясының әдемі, таза жерде өткені қуантты. Осы акцияны кәсіпорынның жас мамандары Шүлбі ГЭС-нен қабылдап жалғастырды, енді бұл эстафетаны «ШҚ АЭК» АҚ мен «Өскемен жылу желілері» кәсіпорындарына тапсырады!
Біз қоршаған ортасына бей-жай қарамайтын барлық азаматтарды экологиялық науқанға қосылуға және қаламызды тазартуға шақырамыз!