Өскемен ЖЭО автопаркі жаңа арнаулы техникамен толықты
Өскемен ЖЭО-ға жаңа бульдозер жеткізілді.
Кәсіпорындағы техниканы жаңарту 2020 жылдағы жөндеу жұмыстары науқанын іске асыру аясында орындалды.
Сыйымдылығы 17 м3 кем емес көмір қайырмасы бар, пайдалану салмағы 40 тоннаға жуық және қозғалтқышының қуаттылығы 306 л.с. құрайтын жапондық Komatsu D155A-5 бульдозері вагондардағы көмірді штабельге түсіру мен станцияға отын беру үрдісін бұрынғыдан да тиімді атқаруға мүмкіндік береді.
Бульдозер мен оның қосалқы бөлшектері (кабина, қайырмасы) кәсіпорынға жеткізілгеннен кейін отын-көлік цехінің қызметкерлері көлікті қабылдау жұмыстарын ұйымдастырды, содан кейін жабдықтаушы компанияның мамандары бульдозерді жинақтау жұмысына кірісті.
Өскемен ЖЭО қала тұрғындарын жылу және электр қуатымен сенімді қамтамасыз етіп, өндірістің үздіксіз әрекет етуін қамту үшін жылу беру кезеңіне белсенді дайындық үстінде.