Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
images/news/2020/20.07.20/podgotovka.jpg

«Өскемен ЖЭО» ЖШС 2020-2021 жылдарына жылу беру маусымына белсенді дайындалуда

| Жаңалықтар

«Қазақстан коммуналдық жүйелері» компаниясының тобына кіретін «Өскемен ЖЭО» ЖШС жылу беру маусымын сәтті өткізу үшін станция жабдықтарын жөндеу жұмыстарының кестесін сақтай отырып, жұмысшылардың денсаулығын сақтау шараларын жалғастыруда.

- Қызметкерлердің денсаулығы біз үшін басым бағыттардың бірі болып табылады. Карантин кезеңінде әкімшілік қызметкерлер қашықтан жұмыс жасауға ауыстырылды. Өндірістік персонал барлық қажетті қорғаныс және гигиена құралдарымен қамтамасыз етілген. Жұмыс орындарында үнемі дезинфекция жүргізілуде. Аумаққа кіру қатаң бақылануда, температураны өлшейтін тепловизорлар, қолды зарарсыздандыруға арналған санитайзерлер орнатылған. Тәулік бойы медициналық орталығы жұмыс істейді. Қызметтік автобустар жұмысын жалғастыруда, - деп «Өскемен ЖЭО» ЖШС бас директоры Идрисов Сабырғали Мухаметкалиевич айтып өтті.

Сонымен бірге Өскемен ЖЭО-да жөндеу науқаны қызу жүріп жатыр. Станцияда мердігерлік ұжымдар да жұмыс істеуде. Алдағы жылу маусымында қолданылатын барлық жабдық келісілген кестеге сәйкес жөндеуден өтеді.

Барлығы станцияда қуаттылығы 75 тонна бу / сағатынан 500 тонна бу / сағатына дейін тоғыз қазанагрегаты және қуаттылығы 4-тен 120 МВт-қа дейінгі сегіз турбоагрегат бар. Қазіргі уақытта электр қуатын бес турбоагрегат өндіреді, тағы біреуі жөндеуден өтуде, екеуі - резервте тұр.

Тоғыз қазанагрегаттың екеуі жоспарлы жөндеуден өтуде, төртеуі жылу генерациясының жүктемесінде жылу электр энергиясын өндіруде, ал үшеуі - резервте тұр. № 13 қазанагрегатында бірінші сатыдағы тегіс түтікті су экономайзерін мембраналы жылу алмасудың жоғарырақ дәрежесімен ауыстыру арқылы күрделі жөндеу жүргізілуде. Сонымен қатар, қазанагрегатында технологиялық процестерді басқарудың автоматты жүйесін қайта құрудан өткізуде. №15 қазанагрегатында кеңейтілген күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. № 12 қазандықта күлді шығарудан тазартуға арналған эмульгаторлар құйындағыштарын ауыстыру бойынша экологиялық іс-шара аяқталды. Таяу уақытта № 14 қазанагрегатында сенімділігі мен қазанның ПӘК-ті (пайдалы әсер коэффициентін) арттыру үшін оттықтарды ауыстыру арқылы күрделі жөндеу басталады. Жалпы алғанда, 2020 жылы жөндеу науқанына 1 740,8 млн теңге инвестициялау жоспарланған.

Өскемен ЖЭО облыс орталығының тұрғындары мен ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды электр және жылу энергиясымен қамтамасыз етеді. Ол үшін станцияда 500-ден астам адам жұмыс істейді. Олардың денсаулығы, сонымен қатар сапалы және уақытындағы жөндеу - жылу беру маусымының үздіксіз жұмысының және сәтті өтуінің кепілі», - деп бас директор Сабырғали Идрисов атап өтті.



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

© 1947-2024 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz