Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
images/news/2020/19.11.20/posadka.jpg

«Өскемен ЖЭО» ЖШС энергетиктері экологиялық акция өткізді

| Жаңалықтар

«Өскемен ЖЭО» ЖШС Шығыс Қазақстан облыстық орталығының ірі өндірістік кәсіпорны бола отырып, қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне ерекше назар аударады.

2020 жылдың 16 қазанында жұмысшылар санитарлық-қорғау аймақтарын көгалдандыру аясында ағаш көшеттерін отырғызды.

Өскемен ЖЭО-ның жеке құрамы үшін мұндай акцияға қатысу жақсы дәстүрге айналды. 2018 жылы кәсіпорын қызметкерлері «Бүкілқазақстандық орман отырғызу күні» қалалық экологиялық акциясына қатысты. 2019 жылы біз жасыл аллеяларды жас ағаштармен толықтыруды жалғастырдық.

Жасыл егістердің атмосфералық ауаны жақсы тазартатыны белгілі - олар аэрозольдер мен шаңның 70-80% дейін мөлшерін жинай алады. Ең үлкен аулау қабілетіне бұдырлы және түкті жапырақтары бар ағаш түрлері ие – көпсабақты шегіршін, қарағаш, тұт, шетен, аюбадам және т.б. Жапырақты жасыл егістіктің 1 м2 беткі қабаты 1,5-10 г дейін шаң мөлшерін ұстайтындығы анықталды.

Жыл сайын экологиялық акцияларға қатысу арқылы «Өскемен ЖЭО» ЖШС персоналы ауа бассейнін жақсартуға өз үлестерін қосуда. Осы акциямен кәсіпорын «Ағаш отырғызу» эстафетасын бастап, оны Өскемен ГЭС-і мен Шүлбі ГЭС-іне тапсырады!



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

© 1947-2024 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz