Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
images/news/2020/25.02.20/pomoch-pensioneram.jpg

«Өскемен ЖЭО» ЖШС-нің бастамашыл жастар тобы энергетик зейнеткерлерге көмектесті

| Жаңалықтар

21 ақпан 2020 жылы «ӨСКЕМЕН ЖЭО» ЖШС-нің жастар бастама тобы станция зейнеткерлеріне «Біз біргеміз» акциясы аясында көмек көрсетті.

Бұл акция бүкіл ел бойынша жалғасуда. Жаңа жылдың басталуымен аймақта нағыз қыс басталды, қар көп жауды. Қыс өз ережелерін белгілейді: ауа-райына сәйкес киіну, үйдің жылынуына қамқорлық жасау, аулаларды қардан тазарту. Қатты аязда таңертең шығып күрекпен қар тазалау кейбіреулерді рахатқа бөлесе, қарт адамдар үшін бұл ауыр жұмыс. Суық мезгілдің қарлы болғаның ескере отырып, Өскемен ЖЭО жастар тобы қарды тазалай алмайтын қарттарға қамқорлық жасауды шешті. Осыған орай, «Өскемен ЖЭО» ЖШС-нің бастамашылар тобы акцияны қолдай отырып, «Өскемен ЖЭО» ЖШС-нің зейнеткерлері Воложенина Нина Александровна мен Мамедова Вера Филиповнаның аулаларын қардан тазартты.

Воложенина Нина Александровна өзінің еңбек жолын 1953 жылы бірінші кезектегі бу турбиналары қозғалтқышының көмекшісі ретінде бастаған, құрлықтағы сорғы қондырғысы мен техникалық бөлімде жұмыс істеп, осында зейнетке шыққан. Қазір Нина Александровна 88 жаста.

Мамедова Вера Филипповна 11 жыл бойы «Өскемен ЖЭО» ЖШС-нде бөлме тазалаушы болып жұмыс істеді. Қазір Вера Филипповна 85 жаста, жалғыз тұрады. «Өскемен ЖЭО» ЖШС бастамашылар тобы басқа қалалардағы жас жұмысшыларды «Біз біргеміз» атты қардан тазарту науқанына қатысуға шақырады. Эстафетаны «Согра ЖЭО» ЖШС, «Өскемен ГЭС» ЖШС және «ШҚ РЭК» АҚ-ға жолдайды.



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

© 1947-2024 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz