«Өскемен «ЖЭО» ЖШС 2020 жылдың бірінші жарты жылдығындағы тарифтік сметаның және инвестициялық бағдарламасының орындалуы туралы есебін ұсынды
30-шы шілдеде «Өскемен ЖЭО» ЖШС-нің мәжіліс залында 2020 жылдың бірінші жарты жылдығындағы тарифтік сметаның және инвестициялық бағдарламасының орындалуы туралы есебінің қоғамдық тыңдаулары өтті.
Тыңдаулардың басында Өскемен ЖЭО-ның Пайдалану бойынша директор – Бас инженер Нұрлан Ахметжанов қатысушыларға кәсіпорын туралы жалпы ақпаратты ұсынды, сонымен қатар 2020 жылдың бірінші жарты жылдығындағы жылу энергиясын өндіру бойынша тарифтік сметасының және инвестициялық бағдарламасының орындалуы туралы есеп www.uktets.kz сайтында жарияланғаны туралы айтып өтті.
Тарифтер жөніндегі бас маман Ирина Киняпина тыңдаушыларға қолданыстағы тарифтер, тұтынушылармен жұмыс жасау, жылу өндірісінің қаржылық нәтижелері туралы егжей-тегжейлі хабарлады. «Өскемен ЖЭО» ЖШС өндіретін жылу энергиясының негізгі тұтынушысы болып «Өскемен жылу желілері» АҚ (82%) табылады, ол өз кезегінде Өскемен қаласының тұрғындары мен ұйымдарын жылумен қамтамасыз етеді. 18% индустриалдық секторға тиесілі.
2020 жылы бекітілген инвестициялық бағдарламасының сомасы 774 миллион теңгені құрайды. Инвестициялық бағдарламасы аясында күл құбырлары мен № 9,12,13,15 қазанагрегаттарына күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. Сонымен қатар, жылу энергиясының есебінен қазандық, турбиналық, электртехникалық жабдықтарын және отынмен жабдықтауды ағымдағы жөндеуден өткізу 524 млн теңгеге жоспарланған, - деп Жөндеулерді дайындау және перспективалық даму бөлімінің бастығы Олжас Асылханов мәлімет берді.
Бұл шаралардың барлығы Өскемен ЖЭО-ға алдағы жылу беру маусымына сапалы және уақытында дайындалуға және де қала экономикасы мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
Ұзақ мерзімді тарифтердің және 2016-2020 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасының қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қазіргі уақытта уәкілетті органда «Өскемен ЖЭО» ЖШС-нің 2021-2025 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасы мен тарифті бекіту туралы Өтінімі қарастырылуда. Егер Инвестициялық бағдарламасы келесі ұзақ мерзімді кезеңге бекітілген жағдайда, жаңа күл үйіндісін салу, 140 ата негізгі бу желісінің құбырларын ауыстыру, көмекші және күрделі жабдықтарды жөндеу, станцияның сенімділігін және экологиялық қауіпсіздігін арттыру сияқты ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылатын болады.