Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
images/news/2020/26.09.20/ready_season.jpg

«Өскемен ЖЭО» жшс жылу беру маусымына дайын

| Жаңалықтар

2020 жылдың 25 қыркүйегінен ЖЭО-да жылу беру маусымы басталды. Бүгінгі күні жылу беру маусымының басталуына әсер ететін барлық жөндеу жұмыстары аяқталды.

2020 жылы кәсіпорын негізгі жабдықты (9 қазандық пен 8 турбиналық агрегатты) және қосалқы жабдықты жөндеуден өткізді, оның ішінде бірқатар ірі жобаларды жүзеге асырды: жылу беру дәрежесін ұлғайту үшін бірінші сатыдағы тегісқұбырлы су экономайзерін мембрандыққа ауыстырумен № 13 қазандық агрегатын күрделі жөндеуден өткізді, № 12 қазандық агрегаты эмульгаторларының құйындағыштарын ауыстырды, қазандықтың сенімділігін мен пайдалы әсер коэффициентінің (ПӘК) тиімділігін арттыру үшін қазандықтың №14 қазандық агрегатында оттықтарды ауыстырды, 140 ата бу құбырын ауыстыру жобасы әзірленуде. 2016 жылы пайдалануға берілгеннен кейін бірінші рет №12 турбиналық агрегатқа күрделі жөндеу жүргізілді. Komatsu бульдозері сатып алынды.

Өскемен ЖЭО жөндеу науқаны Өскемен қаласының тұтынушылары үшін электр және жылу энергиясын үздіксіз өндіруге мүмкіндік береді.

Анықтама үшін: Өскемен ЖЭО облыс орталығы тұрғындарының 80%-н және ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды электр және жылу энергиясымен қамтамасыз етеді.

  • Пайдалануға енгізілген уақыты – 1947 жыл
  • Өнім түрлері: жылу және электр энергиясы
  • Белгіленген қуаттылығы: жылу – 859,9Гкал/сағ; электр – 372,5 МВт
  • Орнатылған құрал-жабдықтар:
  • 9 қазандық агрегат 75 т/сағ бастап 500 т/сағ дейін
  • 8 турбиналық агрегат, қуаттылығы 4 - 120 МВт дейін

Сұрақтарыңыз болса «Өскемен ЖЭО» ЖШС қоғамдық іс жүргізу менеджері Билялова Каринаға мына байланыс телефондарына хабарласа аласыз: тел. 8 (708) 194 40 10, e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

© 1947-2024 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz