Өскемен ЖЭО» ЖШС жылу энергиясын өндіруге тарифты және 2021-2025 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламаны бекітуге өтінім берді
2020 жылдың 16 қарашасында «Өскемен ЖЭО» ЖШС-нде жылу энергиясын өндіруге тарифты және 2021-2025 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламаны бекітуге өтінім беру бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті.
«Өскемен ЖЭО» ЖШС жылу және электр энергиясын өндіретін ірі өндірушілердің бірі және Шығыс Қазақстан облысының ең ірі жылу-электр орталығы болып табылады. Кәсіпорын өнеркәсіптік кәсіпорындарды жылу энергиясымен қамтиды және Өскемен жылу жүйелері» АҚ 83% жылу энергиясымен жабдықтайды.
2020 жылы «Өскемен ЖЭО» ЖШС-нің жылу энергиясын өндірудің ұзақ мерзімді тарифтері мен 2016-2020 жылдарға арналған Инвестициялық бағдарламасының әрекет мерзімі аяқталады.
2016 жылдан бастап Инвестициялық бағдарламадағы жобалардың жалпы сомасы 5,4 миллиард теңгені құрады.
№3 күл үйіндісін қайта құрастыру, суды төмендететін құбырларын ауыстырумен №№ 11, 12, 13 қазандық агрегаттарын, су экономайзерінің бірінші сатысын ауыстырумен №13 қазандық агрегатын, оттықтарын ауыстырумен №14 қазандық агрегатын, күл құбырларын, технологиялық және желілік құбырларды күрделі жөндеуден өткізу, азот тотығын төмендету мақсатында №15 қазандық агрегатын күрделі жөндеу және жаңарту, 31,5 ата бу құбырын қайта құру, №13 қазандық агрегатының бірінші сатылы ауа қыздырғышын, №№ 12, 13, 15 қазандық агрегаттары эмульгаторының құйындағыштарын, 5-7 кезектегі қоректену құбырларын ауыстыру және басқа да жобалардың іске асырылуы жылу-электр орталығына Өскемен қаласының тұтынушыларын жылу энергиясымен үздіксіз жабдықтауға, ең қатты аязда да қалалықтардың үйлерін жылумен қамтамасыз етіп, температура кестесін ұстап тұруға мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, 2016-2020 жж. аралығындағы жылу энергиясын өндіруге белгілеген ұзақ мерзімді тарифтердің қолданылу кезеңінде реттелетін қызметтің шығын мөлшері 4,7 миллиард теңгеден асады. Пайдасыздығына қарамастан, 2016-2020 жылдарға бекітілген Инвестициялық бағдарламадағы барлық іс-шаралар толық көлемде жүзеге асырылуда.
Қазіргі уақытта «Өскемен ЖЭО» ЖШС-нің жылу энергиясын өндіруге арналған тарифі Қазақстандағы жылу энергиясының ең төменгі тарифтерінің бірі болып табылады. «Өскемен ЖЭО» ЖШС-нің жылу энергиясын өндіруге бекітілген 2755,29 теңге/Гкал мөлшеріндегі орташа сату тарифі 01.11.2020 ж. кезеңге Қазақстан Республикасында қалыптасқан орташа тарифтен айтарлықтай төмен.
Сондай-ақ, тарифтік сметаның негізгі құрамдас бөлігі - жанармай бағасы жыл сайын жоғарылауда. 2016 жылдан бастап көмірді сатып алу мен оны жеткізу бағасы 36,2% өсті, сонымен қатар, басқа да маңызды тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің де бағалары өсті.
Кәсіпорынның негізгі жабдықтарының ескілігін ескере отырып, күрделі жөндеуге деген қажеттілік жыл сайын артып келеді. Қажетті күрделі жобаларды іске асыру және жылу энергиясын өндіру бойынша тұрақты қызметті жүзеге асыру мақсатында «Өскемен ЖЭО» ЖШС жылу энергиясын өндіруге тарифты және 2021-2025 жылдарға арналған Инвестициялық бағдарламаны бекітуге Өтінім берді.
Инвестициялық бағдарламаның жобасына жаңа күл үйіндісін салу, 140 ата бас бу құбырын ауыстыру, негізгі және қосалқы жабдықты күрделі жөндеу сияқты ірі инвестициялық жобалар кіреді.
Бұл шаралардың барлығы жылу беру маусымы кезеңінде сенімділікті, экологиялық қауіпсіздікті және «Өскемен ЖЭО» ЖШС-нің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге, сонымен қатар облыс орталығының тұрғын үй-коммуналдық секторының жылу энергиясына өсіп келе жатқан сұранысын қанағаттандыруға бағытталған.
Қосымша сұрақтарыңыз болса, «Өскемен ЖЭО» ЖШС жұртшылықпен байланыс жөніндегі менеджері Билялова Каринаға хабарласа аласыздар: тел. 8 (708) 194 40 10, e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс..