Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
images/news/2020/30.05.20/uberi_sam.jpg

«Өскемен ЖЭО» ЖШС ұжымы «ғаламшарға көмектес – өзің жина!» Экологиялық акциясына қатысты

| Жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысының ірі жылу электр орталығының қызметкерлері қоршаған ортаның тазалығы мен өндірістің экологиялық қауіпсіздігіне қамқорлық танытады.

Жаймашуақ көктем күндерінің келуімен бірге кәсіпорын қызметкерлері ШҚО бойынша Экология департаментімен бірлесіп,ас Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған «Ғаламшарға көмектес – өзің жина!» акциясына қатысты.

Тазалау жұмыстары кәсіпорынның санитарлық-қорғау аумағы мен қала аумағындағы Катонская көшесінде жүргізілді. Кәсіпорында күнделікті 500-ден астам адам жұмыс істейді, станция басшылығы қызметкерлерінің денсаулығына қамқорлықпен қарайды. Акцияға қатысушылар қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық алып, кенеден қорғайтын аэрозольмен өңдеуден өтті.

– Кез келген жұмысты орындағанда біз еңбек қауіпсізідгі мен қоршаған ортаны қорғауға ерекше назар бөлеміз, – деді еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі директор Игорь Суханов.
Экологиялық акцияның ерекшелігі – қауіпсіздіктің арнайы шараларын қолдану – экологиялық акцияға қатысқандар бетперде киіп, әлеуметтік қашықтықты сақтап жұмыс істеді.

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні жыл сайын 5 маусымда атап өтіледі және әлемдік қоғамдастықтың күшін қолайлы экологиялық ортаны сақтауға бағытталады.



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

© 1947-2024 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz