Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
images/news/2020/15.09.20/sport_sila.jpg

Спортта – күш!

| Жаңалықтар

2020 жылдың 17 қыркүйегінде Өскемен ЖЭО-да кәсіпорын қызметкерлері арасында үстел теннисінен жарыстар аяқталды. Жарыс түскі үзіліс кезінде өткізіліп, бірнеше күнге созылды.

Жүлдегерлер:

  • 1 орын - Николай Киселев, электр жабдықтарын, автоматика және өлшеу құралдарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі техник;
  • 2 орын - Николай Ищенко, электр жабдықтарын пайдалану цехының автоматтандырылған басқару жүйесінің инженері;
  • 3 орын - Закир Сатыбаев, электр жабдықтарын, автоматика және өлшеу құралдарын жөндеу және қызмет көрсету бойынша электр слесарі.

Сол күні, 17 қыркүйекте, жұмыс күнінен кейін кәсіпорын қызметкерлері суда жүзуден жарысты. Жеңімпаздар тамаша нәтижелер көрсетті: бу турбинасының машинисты Максим Мальцев 30 секундта - 28,56 секундта «жүзіп шықты», жетекші экономист Маргарита Каирбаева 49,64 секунд нәтиже көрсетті.

11 қыркүйекте Өскемен ЖЭО-да станция қызметкерлері арасында бильярдтан өткен жарыс аяқталды. Жеңімпаздар:

  • 1 орын - Олжас Асылханов, жөндеулерді дайындау және перспективті дамыту бөлімінің жетекшісі.
  • 2 орын - Александр Фролов, орталықтандырылған жөндеу цехының VI санатты білдекте істейтін жұмысшысы.
  • 3 орын - Ерсін Джантемиров, қазандық цехының қазандық машинисті.

Бір апта бұрын шахматтан жарыс өтті. Нәтижелер:

  • 1 орын - Дастан Бекенов, техникалық диагностика зертханасының ультрадыбыстық бақылау жөніндегі дефектоскописті.
  • 2 орын - Нұрлан Тауханбаев, турбина цехының жағалаулық сорғы жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарі.
  • 3 орын - Александр Бецов, орталықтандырылған жөндеу цехының VI санатты токарі.

«Өскемен ЖЭО» ЖШС-нде спорттың әр түрлері бойынша жыл сайын жарыстар өткізіледі, сонымен қатар кәсіпорын облыстық энергетиктер спартакиадасына қатысады және жүлделі орындарға ие болады.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және оларға әлі де спорттық және кәсіби жеңістерге жете берулерін тілейміз!



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

© 1947-2024 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz