Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
images/news/2020/14.09.20/proiz_energii.jpg

Тек фактілер

| Жаңалықтар

Қалада энергияны кім және қалай өндіреді? Жылу беру маусымы қашан басталады? ЖЭО қалай жұмыс істейді? Градирня (салқындату мұнарасы) дегеніміз не? Осы және басқа да сұрақтар қаламыздың тұрғындарын толғандырады.

«Өскемен ЖЭО» ЖШС «ЖЭО-ның энергияны өндіруі туралы» айдарын ашады, онда кәсіпорын мамандары технологиялық процестер, ендірілген жаңшылдықтар мен станцияның бастамалары, экологиялық қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету туралы әңгімелейді. Ең бастысы, олар тұрғындарды мазалайтын сұрақтарға жауап береді.

Бүгін біз техникалық суды салқындатудың жүйесі - буландырғыш типті желдеткіш салқындату мұнарасы туралы айтып береміз. Бұл нысаннан бу көп мөлшерде шығатындықтан, қала тұрғындарының назарын өзіне жиі аударады.

Жабдықты салқындатқаннан кейін қыздырылған жылы су салқындатқыш мұнарасына түседі, салқындатылады және технологиялық жабдықты салқындату мақсатында қайта пайдалану үшін цехқа қайтарылады. Су салқындатқышы ретінде желдеткіш қондырғылары бар салқындатқыш мұнарасы қолданылады. Осылайша, салқындатқыш мұнараның үстінде біз судың салқындауы мен булануынан түзілген таза су буын көреміз.
Желдеткішті салқындататын мұнара - Өскемен ЖЭО-ның Үлбі өзеніне ағынды суларды төгуге жол бермеу мақсатында 2012 жылы пайдалануға берілген суды қайта өңдеу жүйесінің бөлігі.

Салқындатқыш мұнарасы бар айналымдағы сумен жабдықтау жүйелерінің жұмысы су ресурстарын тиімді пайдалану және олардың ластануын болдырмауға бағытталған үздік қол жетімді технология болып табылады.



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

© 1947-2024 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz