Тиімді процестер
2021 жылдың 15 қазанында «Ordabasy Group» ЖШС-нің «Кайдзен» командасы Ерғали Бегімбетов пен Алексей Мохнаткин Өскемен ЖЭО жұмысшыларын технологиялық картаны құруға үйретті.
Осы Кайдзен құралы арқылы талдауға, жеңілдетуге және тиімдірек етуге болады: құжаттарды келісімідеу тәртібін, жеткізушілермен қарым-қатынасты, тауарлар мен негізгі құралдар қорын қалыптастыруды, персоналды ынталандыру мәселелерін және басқа да процестерді.
Оқыту барысында олар кәсіпорнындағы «Мердігерлердің тауарлар мен материалдарды станцияға кіргізу» жұмыс ағымының тізбегін талдап, жетілдіру жоспарын құрды. Әсет Торғаев, электр жабдықтарын және ӨЖА пайдалану бөлімінің бастығы: «Біздің жұмыс тобымыз процесті картаға түсіруді аяқтады. Талдау нәтижесінде еңбек шығындарының жоғары екендігі анықталды. Біз кейбір әрекеттерді алып тастадық және өзгерттік, кәсіпорынға тауарлар мен материалдарды әкелу кезінде цехтан жетекшінің жеке қатысуы міндетті болмайтын процестің болашақ жағдайының картасын жасадық, процесс реттелетін болады. Мен бұл оқытуды пайдалы деп санаймын, өйткені ол қажет емес персонал әрекеттерін анықтауға және уақытты үнемдеуге көмектеседі».
Енді станция жұмысшылары процестерді картаға түсіруді өз бетінше жүргізетін болады. Жақында жақсартулар кәсіпорынның барлық бөлімшелеріне енгізілетін болады.