«Өскемен ЖЭС» ЖШC-де төтенше жағдай кезінде қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы
11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа COVID-19 вирусының таралуы пандемия екенін мәлімдеді.
15 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында республикада төтенше жағдай енгізу туралы жарлыққа қол қойды.
«Өскемен ЖЭО» ЖШС-де төтенше жағдай басталған сәттен бастап жұмыс орындарындағы қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау үшін бірқатар шараларды әзірледі.
«Өскемен ЖЭО» ЖШС-гі әлеуметтік нысандарды, тұрғындарды және Өскемен қаласы мен Шығыс Қазақстан облысының өнеркәсіптік кәсіпорындарын жылумен және электр энергиясымен қамтамасыз ететін стратегиялық маңызды кәсіпорын болып табылады. Осы маңызды міндетті орындау үшін жылу электр орталығында күн сайын 500-ден астам қызметкер жұмыс істейді.
«Қызметкерлердің, олардың отбасы мүшелерінің ден саулығы- біздің басым бағыттарымыздың бірі», - деді «Өскемен ЖЭО» ЖШС-нің Бас директоры Идрисов Сабырғали Мұхаметқалиұлы. - «Өскемен ЖЭО» ЖШС-гі аумағына кіретін кез-келген адам қолдарын бақылау пунктінде орнатылған антисептикалық затпен зарарсыздандыруы, сонымен қатар температураны байланыссыз термометрмен өлшеуі қажет. Індеттің алдын алу мақсатында кәсіпорынның денсаулық орталығының қызметкерлері қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметтерінің мамандарымен бірге вирустық инфекцияның белгілерін анықтау үшін қызметкерлерді күнделікті визуалды тексеруден өткізеді.
Кәсіпорын аумағында күніне бірнеше рет дезинфекциялық құралдардың көмегімен қарқынды санитарлық тазарту жүргізіледі, жұмыс орындарына антисептикалық сұйықтығы бар диспенсерлер орнатылды. Барлық жұмысшылар қауіпсіздік шараларымен және коронавирустық инфекцияның алдын-алумен таныстырылды. Әр қызметкер жеке қорғаныс құралдарымен және гигиенамен қамтамасыз етілген.
Сонымен қатар, «Өскемен ЖЭО» ЖШС-гі жұмысшыларының бір бөлігін қашықтықтан жұмысқа ауыстырды.
«Өскемен ЖЭО» ЖШС-гі кәсіпорынға коронавирустық инфекцияның енуіне жол бермеуге және қала мен аймақ үшін жылу және электр энергиясын өндірудің үздіксіздігін қамтамасыз етуге бар күшін салады.